astana-view

Астанада Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті

2014 жылғы 21 Қараша
3430 просмотров

21 қарашада Астанада Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті. Ресми Анкараға Түркия экономика министрінің орынбасары Аднан Йылдырым өкілдік етсе, қазақстандық тарапты Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасы Сабыр Есімбеков.

«Қазақстан Түркиямен сауда және экономикалық ынтымақтастығын біртіндеп кеңейтуде. 2013 жылы бұл елмен өзара тауар айналымының көлемі 3,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Жаһандық экономикалық белсенділіктегі құлдырау себебінен 2014 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 2,2 миллиард АҚШ долларын құраған. Жыл соңына қарай біршама жоғары көрсеткіш көретінімізге сенемін», – деді Сыртқы сауда палатасы басшысы. Ол сонымен бірге Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екендігін де атап өтті.

Оның айтуынша, қарқынды ынтымқтастық және бірлескен өндірістер құру экономиканың барлық салаларындағы әрекеттестіктің келешегі бар бағыттары болып табылады. Сабыр Есімбеков сонымен бірге химия және тау-кен өнеркәсібіндегі өзара әрекеттестіктің келешегін, сондай-ақ құрылыс саласындағы үлкен әлеуетті атап өтті. «Түрік компанияларының елдегі индустрияландыруға қатысуымен бірге, Қазақстан Түркияның шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдаудағы табысты тәжірибесінен үлгі алуына болады. Түркияда 3 миллионнан астам ШОБ бірлігі жұмыс жасайды, бұл оның сауда-өнеркәсіптік әлеуетінің негізін құрайтын шаруашылық етуші субъектілерінің жалпы санынан 98%. Көріп отырғанымыздай, сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін әлеует айтарлықтай. Ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарына инфрақұрылым, энергетика, көлік және телекоммуникациялар сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру, экспортқа бағдарланған өндірістер құру кіреді», – дейді Сабыр Есімбеков.

Түркияның экономика министрі Аднан Йылдырым елдерде екі жақты экономикалық ынтымақтастықта нағыз серпін көрсетуге қажеттінің бәрі бар екендігін баса айтты.

«Бүгінгі таңда Қазақстандағы түрік инвестицияларының көлемі 1,9 миллиард долларды құрайды. 15 мың қазақстандық азамат жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Түрік компаниялары қызығушылығының тұрақты түрде артуын көріп отырмыз. Елдер арасындағы сауда да дәл осындай өсім көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде делегациямыздың құрамында инвестициялар жөнінен Қазақстанға үлкен қызығушылық танытушы 17 компания бар», – деп хабарлады Аднан Йылдырым. Министр сонымен қатар Түркия мен Қазақстанның жай ғана іскер серіктестер ғана емес, оларды тарихи, мәдени және тілдік туысқандық байланыстырып тұрғанын атап өтті.

Қазірде Түркия Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында Келісім даярлануда. Құжатқа Түркия президентінің Қазақстанға жасайтын сапары барысында қол қойлады деп күтіліп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер