astana-view

Қантты өнеркәсіптік қайта өңдеушілер жеңілдіктен айрылып қалуы мүмкін

2014 жылғы 21 Қараша
3939 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссияда «Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының бірыңғай  кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы Комиссиясының 27.11.2009 жылғы №130 Шешіміне өзгертулер енгізу туралы Беларусьтің ұсынысын талқылануда. Бұл Шешім Қазақстан үшін 2019 жылға дейін аршылмаған қант құрағын өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін әкелудің жеңілдікті тәртібіне жол береді. Сонымен қатар Беларусь еркін қойма кеден процедурасына орналастыруға жататын тауарлар тізбесінен «шетелдік тауар мәртебесіне ие, құрақ қантын немесе қызылша қантын және химиялық тұрғыдан таза сахароза, қатты күйдегі» атауларын алып тастауды ұсынуда; бұл тауарларды Кеден одағы тауары мәртебесінен айыруды білдіреді – кәсіпкерлер әкелу баждарын және басқа да төлемдерді жасауға мәжбүр болады.

Анықтама: Қазіргі таңда еркін қойманың 87 иесі арасынан 26 – ақ қанттың отандық өнеркәсіптік кәсіпорын-тұтынушысы.

ҚР ҰКП ЕЭА аумақтарында және еркін қойма иелерінің импорттық қантты қолдану мәселесі бойынша жиналыс өткізуді бастамалады. Оған Кеден одағына қатысушы мемлекеттер Қант өндірушілер қауымдастығының, мемлекеттік органдар, сонымен қатар отандық өндірушілер мен қантты тұтынушылар өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер КО өндірушілері қантының шетелдік қанттың баға және сапалық сипаттамаларына сәйкес келмейтіндігін атап өтті.

Ұлттық палатаның пайымынша, Кеден одағы аумағында өндірілген қантқа деген сұраныс мәселесі нарықтық қатынастар жағынан және шаруашылық етуші субъектілер әрекеттестігі тұрғысынан қаралуға тиіс. ҚР ҰКП КО бәсекелестік нарығын реттеу мақсатында ұлттық форматтағы Шешімге өзгерту енгізудің орынсыздығы жайлы ұстаным ұстанады.    

Қант әкелудің жеңілдікті тәртібін және оны еркін қойма процедурасына орналастыру мүмкіндігін тоқтату тұтынылатын шикізаттың жалпы көлемінде 12-30% құрайтын кондитер өнімдері мен алкогольсіз өнімдер өндірісінің тіршілік етуіне қауіп төндіреді, осының салдарынан оның бағасы соңғы өнімнің өзіндік бағасы мен тиімділігіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

2014 жылғы 3-4 желтоқсанда ЕЭК  сауда жөніндегі Консультативтік комитетінің кедендік-тарифтік, бейтарифтік реттеу бойынша және қорғаныс шаралары бойынша кіші комитетінің отырысы өтеді. Отырыс барысында тараптар Белорусьтің аталмыш ұсыныстарын талқыға салуды жоспарлауда.  

Бұл ұсыныстар мақұлданған жағдайда қазақстандық қантты өнеркәсіптік қайта өңдеушілер аса зор шығынға ұшырайды, отандық кәсіпорындар КО қант өндірушілер монополиялық нарығының билігіне өтеді. Бұл өнімнің өзіндік құнының артуы және сату деңгейінің төмендеуі қаупін төндіреді. Бұдан соң экспорттық операциялар, баға бәсекелестігіне қабілетсіздік салдарынан жаңа нарықтарға шығу және жаңа бағыттарды әзірлеу тоқталуы мүмкін. Өндірістің құлдилауы жұмыскерлердің қысқаруына алып келеді. Бюджетке салық төлемдері төмендейді, және де отандық кәсіпорындардың мемлекет салған инвестицияларды қайтаруы қиынға түседі.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЕАЭО аясындағы қол жеткізілген келісулерге сәйкес, Қазақстанның жеткілікті деңгейде қайта өңдеу шарттары мен өлшемдерін ұлттық деңгейде анықтау құқығын сақтау қажеттігі туралы позициясын ұстануда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер