astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі аптада «Мәселелер тізілімі» жобасын іске қосады – А. Мырзахметов

2014 жылғы 14 Ақпан
8334 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы А.Мырзахметов Үкіметте өткен кеңейтілген отырыста ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келесі аптада кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған «Мәселелер тізілімі» жобасын іске қосатыны жайлы мәлімдеді.

«Келесі аптада «Мәселелер тізілімі» жобасын іске қосамыз. Бұл тізілім арқылы кәсіпкер түйткілді мәселелерімен бөлісе алады. Ұлттық палатада кәсіпкерлерден келіп түсетін өтініштерді қарастырып, талдау жасайтын арнайы департамен жұмыс жасайды», - деді Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ ҰКП басшысы статистика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан бизнеске жүргізілетін тексерулер санының көптігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер