astana-view

Жастар бойындағы кәсіпкерлік қабілетті дамыту

2015 жылғы 10 Ақпан
4213 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы былтырғы жылдың желтоқсан айында іске қосқан "BASTAU" Бизнес-мектебі» - әлеуметтік жобасы осындай мақсатты ұстанады.

Ұйымдастырушылар жұмыссыз жастарды, соңғы курс студенттері мен ісін бастаушы жас кәсіпкерлерді бизнес негіздері мен өзекті мамандықтарға оқытуды мақсат етіп отыр.

«Жобаның мақсаты жұмыссыз жастардан жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкер жасап шығу. Бірінші сатыны аяқтаған соң (оқыту бағдарламасы барлығы 3 сатыдан тұрады, оның әрқайсысы бір айға созылады) белгілі бір қорытынды жасауға болады. Бірінші кезеңнен жүзден астам адам өтті, онда курсанттар сатуға, шешендік өнерге үйреніп, өз ісін ашу және өз өнімін еппен сату түрткісі пайда болдыБілім алушылар елордадағы еңбек нарығында талап етілетін өзекті мамандықтар иесі болу мүмкіндігін берген бейіндік курстардан өтті. Оқыту процесінде көпшілігі жұмысқа тұрып кетсе, ал кейбірі өздерінің клиенттермен жұмыс әдістерін өзгертті, инвестор ролін терең түсіну пайда болды», - дейді ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес жұмыс органының сарапшысы, жоба үйлестірушісі Жасұлан Адаев.

Жоба ұйымдастырушыларына ұшырасқан қиындықтар да болды. Бұл білім алушылардың өзін жаңа қырдан көрсетуді қаламауы, әлсіз уәждеме, өзіне сенбеушілік.

«Адамдар, сөздің тура мағынасында, өзіне деген сенімін, түрлі әлеуметтік жобаларға деген сенімін жоғалтқанБұл фактор біз үшін курсанттармен арадағы басты кедергіге айналды. Бастапқыда адамдар біздің жұмыссыздан жұмыс берушіні жасап шығу деген идеямызға күмәнмен қарап, алға қоятын мақсатымызға жетерімізге сенбеді. Нәтижеге бағыт алғанымызды өз қимылымызбен дәлелдеуге тура келді», - дейді Жасұлан Адаев.

Қатысушылардың бірі Ақшолпан Әлімбаева ұйымдастырушыларды қатты таңқалдырды. Педагогикалық лицей түлегі, кейін ол университетте бакалавр дәрежесіне ие болып, екі магистратураны бітірген. Бірінші магистр дәрежесін Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-де алса, екіншісін НМУ-де алған. Яғни Ақшолпан Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінің екі дипломы бола тұра, шын мәнісінде, қызметсіз қалған.

Бизнес-мектепте Наталия Рябконың "Ивент менеджер" бейіндік курсынан өткен соң Акшолпан ивент-агенттік ашуға бел буады. Бұл оның жанына жақын, себебі ол университет қабырғасында өткізілген іс-шараларға үнемі белсене атсалысатын.

Оқудың бірінші аптасы аяқталған соң курсанттар дәстүр бойынша жиналатын сенбілік кешке жас миллионер, «Қазақстандық арман» («Казахстанская мечта») кітабының авторы Марат Әбиев шақырылды. Марат курсанттарға өз кітаптарын сыйға тартып, олардың сауалдарына жауап береді. Оның айтуынша, курсанттар қойған сауалдар деңгейі көпшілігінің бизнес туралы әлсіз түсінікке ие екендігін, бизнес заңдарымен санаспайтындықтарын және әзірше кәсіпкер болуға дайын емес екендіктерін айтып өтті. Дей тұрғанмен, Марат Әбиев, білім алушылардағы бизнес-ойлау және бизнес-дағдылардың даму деңгейіне баға беру үшін, олармен оқытудың 2 және 3 сатыларын аяқтаған соң кездесуге уәде берді.

Бизнес-мектеп жаттықтырушылары Асқар Өтепқалиев пен Данил Файзуллаев та олармен пікірлес. Олар күн сайын курсанттарға бизнесте өзіңе ғана, өзіңнің дағдыларыңа ғана сену керек екендігін түсіндіреді.

«Жалпы бірінші сатыны аяқтаған соң жобамыз өзінің әлеуметтік маңыздылығын, тиімділігі мен мақсаттылығын ақтап шықты деуге болады. көп бөлігі екінші сатыға жазылды. Бір ай ғана уақыт өткен соң біз жас та алғыр жастардың қоғамдастығын құра алдық. Олардың қуаты тасып жатыр, және де, ең бастысы, балалардың көпшілігі ашыла алды. Көпшілігі өз көзқарасын дұрыс әрі сауатты түрде жеткізуге үйренді, өз күшіне деген сенім, өмірлік бағдарларды анық түсіну, жоғары нәтижені мақсат ету пайда болды», - деп атап өтті жоба үйлестірушісі.

Курсанттар да өз ойларымен бөлісті. Сонымен, Сандуғаш Оспанованың айтуынша, "BASTAU" бизнес-мектебі ол үшін – өз ойына бір қадам болса да, жақын болу, бизнес туралы, келіссөздер жүргізу туралы, бизнес-ойлауды дамытуды, тауарды таныстыру жолдарын, тіпті, ең қарапайымы, кездесуді дұрыс белгілеу жайлы базалық білім алу. «BASTAU» бизнес-мектебі бұл өзіңе сену, ашылу, сенімді болу мүмкіндігі, бұл алғыр да албырт жастармен танысу. "BASTAU" – бұл атын ерекше атауға болатын жаттықтырушылар, өз ісінің майталмандары, және де өз білімімен бөлісіп, өздері білетін дүниенің барлығына үйреткісі келіп тұратын өте мейірімді жандар», - деді Сандуғаш Оспанова.

Бизнес мектебінің келесі бір курсанты Азамат Бежібаев «Бастау» бизнес мектебін құрушыларға алғыс айта отырып, «өзі үшін сатуды, шешендік өнер жайлы білгенін, сатушы болып, мәміле жасасу дағдысын үйренуге түрткі пайда болғанын» мәлімдеді».

«Өзім үшін ең маңыздысын алып шығу үшін, қазір барлық алған білімімді құрылымдап жатырмынКомпаниялардың бас директорларына тауар сату жолдарын үйретіп жатқан Асқардың әдісі өте қатты ұнайды. Осы дағдыны жетік меңгергім келеді. Данилдың да сабақтары көңілімнен шығуда, көптеген аса пайдалы ақпарат алдым, ал оның бір бөлігін тіпті тәжірибеде қолданып көрдім, жұмыс жасап тұр! Маған білімін, күші мен уақытын жұмсағандарға алғыс айтамын. Рахмет. Мен өз мақсатыма жетіп, алға қойған міндеттерімді орындаған бетте еңбектеріңізді ақтаймын», - деп сендірді Азамат Бежібаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер