astana-view

Иван Сауэр: Біздің міндет – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2015 жылғы 24 Ақпан
3186 просмотров

ҰКП Төралқасы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Иван Сауэр ОКҚ-да өткен брифингте осындай ой айтты.

Танымал аграрий атап өткендей, АӨК басты түйткілдерінің бірі – бұл "Агробизнес -2020" бағдарламасы негізгі бағыттарының жеткілікті деңгейде қаржыландырылмауы. Оның айтуынша, АӨК саласындағы бизнестің жеткілікті қаржыландырылмауына себеп түрліше болуы мүмкін, және де бұл мәселе осы бағдарламаны дамытуда шешуші болып табылады.

Сонымен қатар, Иван Сауэр баса көрсеткендей, жалпы отандық аграрийлер сынақтарға қарамастан, АӨК бюджеті тұрақты қалпында. Оның сөзінше, аграрийлер үшін барлық жазылған бағдарламалар мен субсидиялаудың көзделген нормалары сақталып отыр. Оның үстіне, мемлекет АӨК-ке қосымша мал шаруашылығын қолдау үшін 40 млрд теңге бөлуді жоспарлауда, ол жуық арада бөлініп, шынайы секторға бағытталады.

«Біздің басты міндет – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, және де кез-келген жағдайда азық-түліктің негізгі түрлерімен өзімізді өзіміз қамтамасыз ете алуымыз үшін, бұл жағынан бизнес-қоғамдастықтың да күш салу шаралары, мемлекеттің де барлық ықпал жасау шаралары шикізат және өнімді қайта өңдеу бойынша орын алған түйткілдердің барлығын шешуге бағытталуға тиіс», - деп қорытты ҚР ҰКП АӨК комитетінің басшысы.

Ол сонымен қатар қазіргі жағдайда ұсақ шаруашылықтардың бірігуі, шоғырлануы, агробизнестегі заманауи технологияларды пайдалана отырып, іріленуге баруы қажет екенін атап өтті.  «Бүкіл әлем осы жолмен жүріп барады, бізде де басқа балама жоқ», - деп түйіндеді Иван Сауэр. 

Қарлығаш Жүсіпбекова

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер