astana-view

Қоғамдық кеңес жалгерлік тұрғын үй құрылысын бақылайтын болады

2015 жылғы 03 Наурыз
3841 просмотров

ҰКП өкілдері «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ бастамасы бойынша құрылған жалгерлік тұрғын үй құрылысын іске асыруды бақылайтын Қоғамдық кеңес құрамына енгізілді. Қоғамдық орган нысандарды сатып алу және салудағы барлық процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқаратын Қоғамдық кеңес құрамына Парламент Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Дариға Назарбаева, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен облыс басшылары енді.

2 наурызда Астанада аталмыш Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыста Ұлттық кәсіпкерлер палатасының топ-менеджері Юлия Якупбаева бизнес-қоғамдастықтың 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасын қолдайтынын және құрылыс компаниялары арасында, сонымен бірге өңірлерде де, Бағдарлама талаптарын, өлшемдері мен механизмдерін түсіндіруге барынша қосылуға дайындығын білдіретіні жайлы ақпаратты жеткізген еді. Юлия Якупбаева сонымен қатар салушылардың мәлімделген бағалар бойынша пәтерлер сатуға салмақты қызығушылық көрсетіп отырғанын атап өтті. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстандық ипотекалық компания, салушылар және банктердің қатысуымен ұлттық бизнес-қауымдастық алаңында өткен осының алдындағы екі отырыста Ұлттық кәсіпкерлер палатасын өткізілетін және жоспарланған тендерлер жайлы, соның ішінде өңірлердегілер жайлы алдын-ала хабарлау туралы келісімге қол жеткізілген болатын. Негізгі ақпараттандыру бөлігі баға түзілуі, бөлмеге бөліну, өңірлік бағыт және құрылыстағы басқа да маңызды айрықшалауларға қатысты болмақшы. ҰКП өз тарапынан барлық деректерді жеке веб-сайтында орналастыруға дайын.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидаттарына негізделген Бағдарлама мехнизмдерінің бірі салушылар мен банктердің салмақты қызығушылығын тудырып отыр. ҰКП нарық қатысушыларының ұсыныстарын Үкімет пен «Бәйтерек» Холдингі жанындағы Қоғамдық кеңеске енгізеді. Бизнес-қауымдастық Елбасының жалгерлік тұрғын үй және ЭКСПО нысандарын салу кезінде құрылыс материалдары саласын белсенді қолдану туралы тапсырмасы аясында Үкімет және әкімдіктермен бірге қолданылатын құрылыс материалдарында жергілікті мазмұн үлесінің ұлғайтылуын қарау қажет әрі ол маңызды деп есептейді.

ҰКП Қоғамдық кеңес жұмысына белсене атсалысады және жалгерлік тұрғын үй құрылысын іске асыру барысы жайлы жұртшылықты жан-жақты ақпараттандырып отыруға дайын екенін білдіреді. Бағдарламаның негізгі талаптары туралы ақпараттық анықтамамен мына жерде танысуға болады –Жалгерлік тұрғын үй бойынша анықтамалық ақпарат.docx


Еншілес ұйымдар

Серіктестер