astana-view

Ресей арқылы автомобиль тразиті «жасыл дәлізге» ие болады

2015 жылғы 10 Наурыз
3306 просмотров

Бұрындары Ресейдің Федералдық кеден қызметі Халықаралық жол тасымалдары (ХЖТ) туралы БҰҰ Конвенциясына негізделген TIR халықаралық жүйесін қолданумен транзиттік жүктер өтуін шектеген болатын.

Ресейдің кеден органдары әрекетінен бұдан бұрын қазақстандық кәсіпкерлердің салмақты залал шегіп келгені белгілі, себебі ЕО елдерінен автомобильдік тасымалдаулар РФ аумағы арқылы транзитпен өтетін еді. Бизнесмендер транзиттік тасымалдау кезіндегі шектеулер салдарынан айтарлықтай қосымша қаржылық шығындарға ұшырады, өнімдерді жеткізу мерзімдері бұзылды, кеден маңындағы делдалдардың қызметтері таңылды.

Ұлттық палата ресейлік тараппен келіссөздерде бұл мәселені екі жақты кездесулерде де, еуразиялық экономикалық комиссия алаңында сан мәрте көтеріп жүрген еді. Көптеген жүгінімдер мен талқылаулардан кейін ҰКП қазақстандық автомобиль тасымалдаушыларына ресейлік кеден жасап отырған жасанды әкімшілік кедергілерді ең жоғарғы деңгейде алып тастау үшін, мемлекеттер Басшыларының атына ресейлік бизнеспен бірлескен үндеу жолдаған болатын.

Нәтижесінде 2015 жылғы 25 ақпанда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жиналыс өткізіп, онда РФ Үкіметіне ХЖТ кітапшасын қолданумен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Кедендік конвенцияның үздіксіз әрекетін қамтамасыз етуге тапсырма бергені белгілі болды.

«Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тасымалдаушылар мүддесін қорғау бойынша жүргізіп отырған осындай жұмысы үшін алғыс айтамыз. Бұл түйткілдің оң шешім табарына, және де ресейлік тараптың ХЖТ Конвенциясы халықаралық нормаларын толық көлемде әрі нақты орындайтынына сенеміз», – деп «ҚазАТО» Қазақстанның Автомобиль тасымалдаушылар одағы Бас хатшысы Теодор Каплан өз ұстанымын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер