astana-view

Ет: қазақстандық стандарт

2015 жылғы 17 Наурыз
3180 просмотров

Бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қазақстандық сиыр етін экспорттау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков, мал жемдейтін алаңдар иелері – алдыңғы қатарлы компаниялар,  репродуктор-шаруашылықтар басшылары, ҰКП сарапшылары қатысты.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев кіріспе сөзінде ірі қара мал етін өндірудегі ағымдағы ахуал жайлы, сонымен қатар ҰКП көтеріп жүрген мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілер түйткілдері жайлы сөз қылды.

- Қазақстанда мал шаруашылығы зор даму әлеуетіне ие дәстүрлі сала болып табылады. Соңғы жылдары біз бұл саланың серпінмен дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, соңғы бес жылда мал шаруашылығындағы ЖІӨ 1,6 есе ұлғайған. Мұнымен шектелмейді деген ойдамын. Ұланғайыр жайылымдық жерлерінің болуы салдарынан Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте мал шаруашылығын дамытудың зор әлеуетіне ие, - деді Рахим Ошақбаев.

Ол сонымен қатар ҰКП бастамасымен кәсіпкерлердің айтылған түйткілдерінің АӨК субъектілері өзекті мәселелерін шешу бойынша дайындалған «Жол картасы» негізіне алынғанын атап өтті.

- Осы сәтті пайдалана отырып, «Жол картасының» бекітілгенін, мемлекеттік органдардың жұмысқа қабылдағаны жайлы ақпараттандырғым келеді, - деп Рахим Ошақбаев айта кетті. – ҰКП іс-шара жоспарының барлық тармақтары бойынша бірлесіп орындаушы болып отыр. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуеті Бағдарламасына келер болсақ, оны қабылдаған соң салаға инвестициялар келе бастағанын айтқым келеді. Бүгінгі таңда кәсіпкер қолында мемлекеттік қолдау мен жеңілдікпен кредиттеудің қолданыстағы құралдары жинағы бар. Бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында тұқымды жақсарту үшін мал басының өнімділігі әкелінді. Жаңа шаруашылықтар – репродуктор шаруашылықтар, экспортқа бағдарланған мал жемдейтін алаңдар құрылды, - деп қорытты ҰКП басшысының орынбасары.

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков өз кезегінде сиыр етін өнеркәсіптік өндірудің ағымдағы жай-күйін баяндады. Министр сөзіне сүйенсек, ірі қара мал етін экспорттауды жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарда, ең алдымен, тауарлық табынның қалыптасуы мен ұлғаюын ескеру қажет.

- Ең алдымен, жоба аналық мал басынан тұратын шағын фермаларды құруды меңзейді, олар негізінде отбасылық бизнес негізінде қызмет жасайды. Бұл отбасылық типтегі фермалар. Олар төл береді де, кейін бұл төл мал жемдейтін алаңға жіберіледі. Мәні жағынан бұны кейін шикізаттық базаны құрайтын контингент деуге де болады, - деп мәлімдеді министр мал өсірушілерге жүгіне отырып. – Бұл жобаны қолдаудың негізгі құралдары – субсидиялар мен кредиттік өнімдер – осы контингентті мемлекеттік қолдаудың ерекше аймағына шығару үшін, олардың жеке есебін жүргізіп, арнайы шаралармен қолдау үшін, ерекшеленеді.

Бейіндік ведомство басшысының айтуынша, бірнеше шарт сақталған жағдайда бір аналық басқа 18 мың теңге мөлшеріндегі субсидия бөлінеді.

- Тұқымдық бұқаның болуы, және де оның бір жыл өткен соң айырбасталуы шартымен және «Сыбаға» ақпараттық жүйесінде тіркелген жағдайда. Бүгінгі таңда жүйеде шамамен 620 мың аналық мал басы бар. Демек, тұқымдық түрлену жұмыстары жүргізіледі деген сөз: бұл табында 1/30 тұқымдық бұқа бар және фермалар төл өсірумен айналысады да, ол өсіріліп, мал жемдейтін алаңға жіберіледі. 620 мың аналық мал басы шамамен 500-550 мыңдай төл береді, оның ішінде шамамен 50% - өгізшелер. Осыдан кейін олар мал жемдейтін алаңға жіберіледі, - деді АШМ басшысы.

Мал жемдейтін алаңдарды қолдау үшін де жеке қаржыландыру бөлінген.

- Санатына қарай бір келі ет үшін берілетін арнайы субсидиялар мен субсидиялар сомасы бір келі үшін 300 теңгеге дейін жетеді. Бұл шаралар қажетті технологиялық тізбекті қалыптастыруға бағытталған. Мұндай тізбек Қазақстанда болмаған да.

Министр сонымен қатар сиыр еті экспортындағы айтарлықтай өсімді атады. Ол 2014 жылы 6 мың тоннадан асқан. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көлем 14 есе ұлғайған.

Жиналысқа қатысушылар пікірталас қорытындысы бойынша сиыр етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға және жоспарлық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін нақты шаралар дайындауға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер