astana-view

Мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілер басымдылық алуға тиіс

2015 жылғы 21 Наурыз
3320 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алу мәселелері орталық тақырыпқа айналды.

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев баса көрсеткендей, бүгінгі таңда көптеген қазақстандық кәсіпорындар мұнай бағасы түсуіне және рубль девальвациясына орай қиындық көруде. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне орай және серіктес елдерге қатысты кедендік шектеулерден бас тартуына орай бұл мәселе бұрынғыдан да үлкен өзектілікке ие болып отыр.

«Үкіметте Ресей Федерациясы тарапынан болатын импортты шектеу құралдары жоқ болып шықты. Интеграция жағдайында бөгеуші кедендік баждарды алға тартуға, тыйым салуға болмайды. Бұл жағдайда ҰКП не ұсынады? Мемлекеттік сатып алулар жүйесі арқылы біздің мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларды отандық өндірушілермен келісім-шарттарды басымдылықты тәртіпте жасасуға міндеттеу қажет», - деп атады Тимур Құлыбаев.

ҰКП басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақтандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» науқанын өткізу туралы бастама жариялағанын және бұл жұмысты барлық өңірлердегі кәсіпкерлер палаталарымен бірге облыстар әкімдіктері жүргізіп жатқанын еске салды.

«Біз жыл басынан бері барлық әкімдіктермен Келісімдер жасастық. Онда мемлекеттік сатып алуларды қоса алғандағы ынтымақтастықтың бүкіл көлемі сипатталған», - деп қосты Тимур Құлыбаев.

Статистика деректеріне сәйкес, Жамбыл облысында 2014 жылғы тауарлар, жұмыстар және қызметтер мемлекеттік сатып алулары бойынша орындалған шарттар сомасы 9 млрд. теңгеге жуық. Осылайша, өңірдегі мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұн 79,94% құраған. 2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігі 30 млрд теңгеге 348 меморандум жасасқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер