astana-view

Тимур Құлыбаев: Өндірістерді жетілдіруді ұзақ мерзімдік тапсырыстарға айырбастау

2015 жылғы 30 Наурыз
- Қызылорда облысы
8538 просмотров

Қызылорда облысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Арал маңы бизнес-қоғамдастығымен ашық сұхбат барысында ЕАЭО қызметімен, рубль бағамының түсуімен және басқа да бірқатар мәселелермен байланысты экономикалық қызметтегі толғақты түйткілдер көтерілді.

Тимур Құлыбаев отырыста сөз ала отырып облыста өндірілетін бірқатар тамақ өнімері бойынша (тұз, балық, күріш және т.б.) қызылордалық кәсіпорындардың ресейліктермен бәсекелестігінің жоқтығын атап өтті. Мәселе өңірде ресейлікке ұқсас өнім номенклатурасын шығаратын өнеркәсіптік өндірістер болуында болып отыр. Бұл «тұйықтан» отандық өндірушіге мемлекеттік және өзге де сатып алулардағы басымдылықты құқықтар берумен шығуға болады.

«Отандық өндірушілерді қолдау түйткілін кеден қою, біздің нарыққа басқа елдерден тауарларды өткізбеу және т.б. сияқты тыйым шараларын енгізу арқылы шеше алмаймыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіміз туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын білесіздер. Демек, болашақта мүлдем мүмкіндік болмай қалады. Сәйкесінше, отандық бизнесті бәсекеге қабілетті өндірістер құруға ынталандыру бойынша нақты шаралар қолдануымыз қажет. Міне, сондықтан да индустрияландыру бағдарламасы жайлы айтып отырмыз. Аталмыш бағдарлама болашақта өндіретін өніміміз аз дегенде Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелесу үшін, жетілдіруді мемлекеттік қолдау шараларын көздейді», - деп баса айтты Палата басшысы.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазына» холдингі компаниялары тобы сатып алулары мен жер қойнауларын пайдаланушы компаниялар сатып алулары нарығының сыйымдылығы 9 триллион теңгені құрайды.

«Бұл үлкен сома… Осылайша, елімізде ішкі сұраныс бар, біз оны отандық өндірушілерді қолдауға бағыттауға тиіспіз. Ол үшін ұзақ мерзімдік келісім-шарттар механизмін ұсынамыз», - деп түсіндірді ҰКП Басшысы.

ҰКП Төрағасы жергілікті бизнес-қоғамдастықты ҰКП мен ҚР Қаржы министрлігінің заңнамаға кәсіпкерге өндірісті жетілдірудің орнына мемлекеттік сатып алулар басымдылықты құқығын ұсынудың жаңа шартына негізделген түзетулерді дайындап жатқаны жайлы ақпараттандырды.

«Кәсіпорындар өндірісті жетілдіру міндеттемелерін өздеріне алады да, ол үшін бұларға ұзақ мерзімдік келісім-шарттар береді. Олардың бәсекелестік бағамен сапалы өнім өндіруге тиіс екені түсінікті. Осылайша, біз кәсіпкерлердің өз өндірістерін жетілдіруіне, және де өнімдерімен бәсекелестік деңгейіне шығуына жедел көмек береміз», - деп түсіндірді болашақ шарттардың әрекет ету механизмін ҰКП Басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер