astana-view

Сайлаудан ешкім қалмайды

2015 жылғы 02 Сәуір
3379 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық палатасы бастамалаған «Әркімнің дауысы маңызды!» кең көлемді республикалық науқаны елордалық өндірушілердің белсенді қолдауына ие болды.

Науқан талаптарына сәйкес отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін арнайы эмблемамен таңбалайды. Ол үшін «Атамекен» Ұлттық палатасының логотипімен және «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанының слоганымен жапсырмалар дайындалды. Іс-шара ұйымдастырушылары азаматтардың дүкеннен отандық бренд өнімдерін сатып ала жүріп, міндетті түрде үндеуге назар аударатындықтарына және 26 сәуірде өздерінің сайлау учаскілеріне келуді ұмытпайтындарына сеніп отыр.

Елордалық ірі «Цесна Астық», «Астана Өнім» кәсіпорындарымен бірге науқанды алғашқылардың бірі болып өнімі Қазақстан нарығында көшбасшы орындарға нық жайғасқан «Апрель» ЖШС да қолдап отыр.

Бүгінгі таңда фирмалық супермаркеттер желісі тұтынушыларға шұжық өнімдерінің кең сұрыпталымын, жартылай фабрикаттар, торт, тоқаштар мен кондитерлік өнімдер ұсынады. Өндірушілер өнімнің әр бірлігіне «Әркімнің дауысы маңызды!» слоганы жазылған арнайы стикерлер жапсырды. Эмблемалар жапсырылған азық-түліктер дүкендер мен супермаркеттердің сөрелеріне түседі.

«Біз науқанды қолдаймыз, себебі басқа да өндірушілер сияқты еліміздің тағдырына алаңдаулымыз және барлық отандастарымызды үндеуге назар аударып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз!», - дейді «Апрель» ЖШС шұжық цехының бастығы Ольга Буракова.

Дауыс беруге шақырған стикерлер шұжық және етті жартылай фабрикаттарға ғана емес, «Апрель» ЖШС торттары мен басқа да кондитерлік өнімдеріне жапсырылатын болады. Бір айта кететіні, компания қарыштап дамып келеді. Бүгінгі таңда «Апрель» ЖШС кондитерлік өндірісі екі цехтан тұрады. 2003 жылы негізі қаланған негізгі өндіріс цехы және 2008 жылдан бері жұмыс жасайтын эксклюзивті өнім шығару жөніндегі цех – бұлардың әрқайсысын өндіру көлемі жөнінен жеке кәсіпорынмен салыстыруға тұрарлық.

Екі кәсіпорын да торттың 50-ден астам түрін, құмшекерлі және қаттама қамырдан жасалған печеньелерді қосқанда 23 түр, тәтті нан мен бәліш пісіреді. Эксклюзивті өнім шығару жөніндегі цех халыққа мерейтойларға мерекелер мен тойларға тұтынушы тілегімен көркем безендірілген торттар жасау бойынша қызметтер көрсетеді.

Қазіргі күні «Апрель» ЖШС бұрыннан келе жатқан өндірістік қуаттылықтарды жетілдіріп, жаңа ірі цех салуда. Компания басшылығы жетілдіргеннен кейін дайын өнімді шығару айына 30 тоннаға жетеді деп уәде етеді.

«Тұрақтылық, бейбітшілік орнап, гүлденген елде ғана бизнес дұрыс дамиды! Сондықтан да «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанын қолдаймыз, және де күллі ұжымымызбен сайлауға барамыз», - деп баса айтты «Апрель» ЖШС кондитерлік цехының бастығы Алексей Елефтериади.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер