astana-view

ЕАЭО Іскерлік кеңесі құрылды

2015 жылғы 21 Мамыр
10186 просмотров

 

Аталмыш келісімге қол қою ЕАЭО аясында ынтымақтастық және бірыңғай экономикалық кеңістік құрудағы өзекті мәселелер бойынша бірыңғай ұстаным жасақтау қажеттігінен туындап отыр.

Экономикалық интеграция кәсіпкерлік орта үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, алайда сонымен бірге ЕАЭО мүше мемлекеттер бизнес-қоғамдастығын ұйымдастырудың әрекеттегі механизмін және оның Еуразиялық экономикалық комиссиямен әрекеттестігін жетілдіруді талап етеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев осыған орай мүше мемлекеттердегі бизнес-қоғамдастықтарға арналған әрекеттестік алаңы ретіндегі ЕАЭО Іскерлік кеңесін құру бастамасын алға тартты. Аталмыш бастаманы ЕАЭО мүше мемлекеттер Президенттері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Виктор Христенко қолдады.

«Іскерлік бірлестік құрудағы басты идея интеграциялық процестерді кеңейту және ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бизнестің бірыңғай ұстанымын жасау мақсатында ЕАЭО бизнес-қоғамдастығы арасындағы әрекеттестікті жақсарту болып табылады. ЕАЭО Іскерлік кеңесін Астанада құру еуразиялық интегарцияның басты міндеттерін шешудегі бизнес-қоғамдастықтың өсіп келе жатқан ролін көрсетеді, бизнес-сұхбаттың толысқандығына куә болады», - деп атады қол қою салтанатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев. 

ЕАЭО Іскерлік кеңесінің құрылтайшылары – «Атамекен» ҚР ҰКП, «Ресейлік өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» Жалпыресейлік қоғамдық ұйымы, Беларусь Республикасы «Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер (жалгерлер) конфедерациясы» Коммерциялық емес ұйымдар одағы, Армения Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) одағы, Қырғыз Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы.

Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесі 2010 жылғы желтоқсан айынан бері әрекет етіп келген белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-диалог базасында құрылды.

Кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттеріндегі іскер топтардың тұрақты әрекет ететін үйлестіруші-кеңесу органы болып табылады, оған ЕАЭО-ға кірген елдердің іскер бірлестіктері қосыла алады.

Аталып өткендей, Іскерлік кеңестің құрылуы ЕАЭО мүше мемлекеттер іскер топтарының арасында тікелей байланысты жөнге салып, оларды жан-жақты іскерлік ынтымақтастыққа тарта алады.

Іскерлік кеңес сонымен қатар ЕАЭО аясында сауда-экономкалық қатынастардың, өнеркәсіптік және қаржы ынтымақтастықтарын дамытуға, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жәрдемдесетін болады.

ЕАЭО Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер нарығына өзара қолжетімділікті шектеу, алып қою, кедергілерді анықтау да Іскерлік кеңес құзыретінде. 

Кеңес мүше мемлекеттердегі іскерлік топтарды ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағындағы экономиканың түрлі салаларында жобаларды жүзеге асыруға тартуға, тікелей байланыстарды дамытуға, ЕАЭО мүше мемлекеттер іскер топтары арасында өзара тиімді серіктестік қатынасты нығайтуға жәрлемдеседі.

Интеграцияны дамыту және макроэкономика, кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы секторы, өнеркәсіп, аграрлық өнеркәсіп кешені және т.б. Іскерлік кеңес қызметінің басымдылықты бағыттары болып табылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер