astana-view

Қазақстандық мазмұнды арттырудың жолдары

2015 жылғы 25 Мамыр
8712 просмотров

ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің өсіп келе жатқан қозғалысы мен жаңа экономикалық жағдайларға орай, Қазақстанда отандық және шетелдік тауарлардың қатаң бәсекесі байқалуда. Ең күрделі мәселелердің бірі өнімді сату түйткілі болып табылады.

Қалыптасқан жағдайда отандық өндірушілер үшін мемлекеттік тапсырыс айтарлықтай қолдау шарасы болып табылады, алайда аталмыш өткізу бағытында бірқатар түйткілдер де баршылық.

Бұрындары Қазақстан Республикасы Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы ҚР Ұлттық палатасына Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік нысандар салу жөніндегі тендер ұтып алған құрылыс компанияларының отандық жиһаз компаниялары өнімін сатып алу түйкілімен жүгінген болатын.

Алматы қаласының әкімдігі Универсиада-2017 «Алматы қаласы Алатау ауданындағы 5000 орындық атлетикалық ауыл» нысанын жиһазбен жабдықтау бойынша жиналыс өткізді. Басқада мәселелермен бірге отандық жиһаз өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу мәселесі де қаралды.

Жиналысқа өңірдегі жиһаз кәсіпорындары өкілдері, салалық қауымдастық президенті Михаил Глухов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті мазмұн бөлімінің бастығы Алма Тұрлыбаева, сондай-ақ ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті хатшысының орынбасары Хаким Сабиров қатысты.

Жиналыста Алматы қаласы құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы М. Құрманғалиев салынған нысандар мен Алматы қаласындағы үстіміздегі жылғы құрылыс жоспары жайлы (нысандар тізімін мына жерден қараңыз), сонымен қатар осы нысандардың кейбірін жиһаз өнімімен жабдықтау жоспары жайлы ақпарат берді.

Хаким Сабиров Алматы қаласы Құрылыс басқармасы мен Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасының мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде жасалған жұмыстарының әлсіздігін атады, бұл өңірдегі кәсіпорындарда өндірістің тоқтауына алып келеді.

Әкімдікке жиһаз саласы кәсіпорындары санының азаюын көрсететін ресми статистикалық деректер ұсынылды. Сонымен, ресми статистикаға сәйкес, 2015 жылғы наурызға дейінгі ахуалы бойынша Алматыда тіркелген 369 жиһаз саласы кәсіпорнының 196-сы, яғни жартысына жуығы ғана жұмыс жасап тұр. Сонымен қоса, жиналыста қазірде өңірдің әрекет етуші кәсіпорындары өндіріс және тапсырыс көлемінің төмендеуіне байланысты қызметкерлерінің 80 пайыздан астамын қысқартуға мәжбүр болып отырғаны жайлы ақпарат айталды.

Кәсіпкерлер палатасы аталған әкімдік басқармалары басшылығына отандық кәсіпорындар өндіретін тауарларды сатып алу көлемін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізу жөнінен кәсіпкерлермен және бизнес-бірлестіктермен біршама тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуді ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығы жиһаз бизнесі өкілдерімен бірге сатып алу процесінің ашықтығын көтеру және мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті мазмұн үлесін арттыру бойынша түйткілдерді шешудің бір нұсқасы ретінде «Өңдеу өнеркәсібі саласындағы адал ниетті отандық өндірушілер тізілімін» жасақтауды ұсынды. Жиһаз саласы үшін аталмыш жобаны пилоттық режимде жүзеге асыру нұсқалды.

Мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік нысандар құрылысын қамтамасыз ететін құрылыс компанияларына жиһаз кәсіпорындарының өнімін өткізу көлемін ұлғайту аталмыш тізілімнің негізгі нысанасы болуға тиіс. Нәтижесінде, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар осындай нысандар құрылысы бойынша байқауды жеңіп шыққан барлық құрылыс компанияларына жиһаз өнімін аталмыш тізілімге енгізілген кәсіпорындардан сатып алуды ұсынатын болады.

Жиһаз саласының барлық кәсіпорындары Тізілімге өтінімдерінің қалыптастырылған критерийлерге сәйкестігін тексергеннен кейін енгізілер еді (мұндай тексерістерді салалық қауымдастықтар және ҚР ҰКП кәсіпорынға барумен комиссиялық түрде жүргізеді). Кәсіпорын туралы ұсынылған деректер үшін жауапкершілік шарасы кәсіпкерлердің мойнына жүктелуге тиіс.

Тізілімді толыққанды жасақтау үшін оған кәсіпорындарды жатқызу және енгізу әдіснамасын жасау қажет екені айтылды. Кәсіпорындарды тізілімге енгізуге арналған басты критерийлер мен ақпарат ретінде өндіріс пен өндірістік қуаттылықтардың болуы, жұмыскерлердің орта тізімдік саны, мемлекетке төленген салық көлемі және т.б. алынуына болады.

Тізілімнің болуы барлық мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың ақпараттану деңгейін көтереді, және де, сәйкесінше, отандық өндіріс тауарларын сатып алу көлемі көтерілуін қамтамасыз етеді.

Осыған орай, ҰКП барлық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына жұмысқа қосылуға және ҰКП атына аталмыш жобаға деген ұсыныстары мен ескертулерін жолдауды сұрап жүгінеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер