astana-view

Еңбекқор зағип жандар

2015 жылғы 27 Мамыр
- Маңғыстау облысы
17971 просмотров

Кәсіпорын халық тұтынатын өнімдердің кең сұрыпталымын шығара отырып, тігін өндірісіне маманданған.

«Үміт сәулесі» әлеуметтік қолдау жеке меншік қорының директоры Қайрат Молчаевтың айтуынша, «Қазақ соқырлар қоғамы» тігін машиналары паркін жаңартуға қолдау көрсетуді өтініп жүгінген.

«JACK» фирмасының 9 жоғары жылдамдықты тігін машинасын сатып алып, оған 2 миллион теңгеден астам сома жұмсадық. Жеткізушілеріміз зағип жандарды тегін оқытты», - деді демеуші.    

Демеушілік жоба зағип жандарға көмектесу үшін кәсіпкерлерді тартқан Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаевтың арқасында жүзеге асты.

Өңірлік палата мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған қызметті бірінші жыл жасап отырған жоқ.

«Қарапайым болса да, қолдан келген әрі пайдалы жұмысты атқара отырып, өздеріңіз талпынған әлеуметтік тұрғыдан қажет екендеріңізді сезінуге тиіс екендеріңізді біз жақсы түсінеміз. Сіздерді ешқашан естен шығарған емеспіз, және де үнемі қажет қолдауды көрсетіп тұрамыз», - деді Жаңбырбай Доспаев.

«ҚСҚ» Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Боранбай Тілепов ұшырасып тұратын түйткілдерін ортаға салды. Қазір тапсырыстармен байланысты мәселелер түйткілді болып қалып отыр. «Есепте 43 мүгедек тұр, олардың көпшілігі үйде отыр. Барлығын бірдей жұмыспен қамту мүмкін емес. Мұнда бәрі жұмыс пен тапсырыс көлеміне байланысты», - дейді Боранбай Тілепов.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны «Үміт сәулесі» әлеуметтік қолдау жеке меншік қорының директоры Қайрат Молчаевқа мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бизнесті дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс хат табыстады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Жүрек жылуы
27 Мамыр
2015
Маңғыстау облысы
Бақытты өмір сүру мүмкіндігі
26 Мамыр
2015
Алматы қаласы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер