astana-view

«Алтын сапа» - компанияңыздың табысқа жетер жолы

2015 жылғы 01 Маусым
8476 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай     Мырзахметовтың бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауына қатысушы заңды тұлға/жеке кәсіпкер қызметінің мүмкіндіктері мен нәтижелерін сипаттайтын критерийлер бекітілді.

Мүмкіндіктерді сипаттайтын критерийлер арасында, атап айтқанда, басшылықтың көшбасшылық ролі, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясы, қызметкерлер, ынтымақтастық және ресурстар, ұйым басқаратын процестер деген сияқты тармақтар белгіленген. Тұтынушылардың өнім сапасына қанағаттануы, қызметкерлерге қанағаттануы, ұйымның қоғамға әсері, ұйым жұмысының нәтижелері, қосымша сараптау көрсеткіштері сияқты критерийлер нәтижелерді сипаттайты критерийлер қатарынан табылады. Аталмыш критерийлер кәсіпкерлерді менеджмент жүйелерін енгізуге және салалық қауымдастықтармен ынтымақтастықтың нәтижелілігін көтеруге ынталандыру мақсатындағы қосымша сапалық  балдар ретінде енгізілген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқау бойынша Әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемденуге не үшін қатысу қажет?

Ұйым байқауға қатыса отырып, сапаны басқарудағы ең соңғы заманауи ұстанымдарды көрсететін өзін-өзі бағалау жөніндегі сыйлық критерийлерін қолданудан пайда таба алады, кәсіпорын жұмысы мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсарта алады, демек, өзінің қаржылай түйткілдерін шешуде табысты қадам жасай алады.

Ұйым арнайы даярлықтан өткен жоғары білікті сарапшылар тарапынан тәуелсіз бағаланып, сапа саласынан нұсқаулықтар алады. Бұл ұйымның сауатты стратегиясын дайындауға және болашақта табысқа жетуге көмектеседі. Сонымен қатар, байқауға қатысу ұйым ұжымын сапа мәселелеріне назар аударуға, оларды шешуге күш салуына мүмкіндік береді.

Ұйым байқау кезеңінде, ал жеңімпаздар 4 жыл бойында БАҚ, жұртшылық назарында болады, бұл жағымды бет-бейнені нығайтып, жаңа серіктестер, өнімдеріне жаңа тұтынушылар тартуға, іскерлік мүмкіндіктерді ұлғайтуға көмектесері сөзсіз.

Сыйлық үлгісінің негізінде жалпыға ортақ сапа менеджменті қағидаттары жатыр:

- тұтынушыға бағдар;

- басшылықтың озаттығы және мақсатқа жету жолындағы бірізділік;

- процестер мен айғақтарды түсіну негізіндегі менеджмент;

- үздіксіз танымдық қызмет және инновациялар;

- серіктестікті дамыту;

- қоғаммен әрекеттестік;

- нәтижеге бағдарлану.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алты сапа» сыйлығының үлгісі Еуропалық сапа сыйлығының (EFQM) үлгісімен үйлестірілген.

Үлгі құрылымы критерийлердің екі тобынан тұрады. Әрбір критерийде балдардың ең үлкен саны, сондай-ақ ұйымның алуы мүмкін балының жалпы сомасын алғандағы пайыз көрсетілген.

Бірінші топ – «Мүмкіндіктер» критерийі ұйымның сапа саласындағы нәтижелерге қалай қол жеткізетінін, ол үшін не жасап жатқанын бағалауға арналған.

Екінші топ – «Нәтижелер» критерийі неге қол жеткізілгенін және қазірде неменеге талпынып жүргенін сипаттайды.  

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың бұйрығының мәтінімен мына жерде танысуға болады

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқауға қатысушы ЗТ/ЖК қызметінің мүмкіндіктері мен нәтижелерін сипаттайтын критерийлермен мына жерде танысуға болады

ЗТ/ЖК қызметінің өзін-өзі бағалауы бойынша сауалнама нысанымен мына жерде танысуға болады.

ЗТ/ЖК қызметі мен материалдарын алдын ала бағалау нысанымен мына жерде танысуға болады.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқау бойынша Әдістемелік нұсқаулықтармен мына жерде танысуға болады

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер