astana-view

Міндетті сақтандыру ғана қазақстандық туристің тыныштығына кепіл бола алады

2015 жылғы 15 Маусым
8983 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП-да туроператорлар мен турагенттердің өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша заңды міндеттемелерін жүзеге асыру мәселесі бойынша шұғыл жиналыс өтті.

Қазірде туристік нарықта туроператорлар мен турагенттер АҚМ сақтандыру шарттарын турагенттер мен туроператорлар ұзарта алмайды не жасаса алмайды. Сақтандыру компаниялары түрлі себептермен сақтандырудың осы түрі бойынша қызмет көрсетуден бас тартуда. Ал туристік нарық субъектілері құқықтық алаңнан тыс қалып қояды, себебі олар заң бойынша өз қызметтерін жүзеге асыру үшін өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. Салалық қауымдастықтар мен ҰКП-ға турагенттер мен туроперторлардан сақтандыру шарттарын жасай алмай жүргендеріне үш апта болғанын атқан шағымдар келіп түсуде, ал кейбір сақтандыру компаниялары қолданысқа беріліп қойған сақтандыру шарттарын қайтып алып жатыр.

Жиналыс барлық өңірлерді қосумен бейнеконференция режимінде өтті, оған Қазақстанның Сақтандырушылар қауымдастығы, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы, ҚР Ұлттық банкі, ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті, ҚР Бас прокуратурасы өкілдері, туристік бизнес, салалық қауымдастықтар, «Атамекен» ҚР ҰКП Туристік сала комитетінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар жиналыс барысында сақтандыру компанияларының туристік фирмалардың АҚМ сақтандырудан бас тарту мәселесі бойынша ұстанымдарын жеткізді. Анықталып отырғандай, Қазақстанның Сақтандырушылар қауымдастығы (ҚСҚ) өз мүшелеріне туроператор мен турагенттің АҚМ міндетті сақтандыру санаты бойынша лицензияларынан бас тартуды ұсынған, себебі туристік саладағы тәуекелдердің жоғарылығы салдарынан сақтандыру қиын болып табылады.

ҚР ИДМ туристік индустрия департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев уәкілетті органның туристік саладағы әрекеттегі заңнаманы реформалау бойынша салмақты жұмыс жүргізіп жатқанын атады. Атап айтқанда, шетелге шығатын туристерді сақтандыру механизмі туралы, туроператор үшін қаржылай кепілдік нормасы және т.б. енгізілуде. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да әрекеттегі заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша өз ұсыныстарын жолдады.

Сақтандыру бизнесін реттеуші – ҚР Ұлттық Банкі өкілі «Туристік оператор мен туристік агент АҚМ міндетті сақтандыру» санаты бойынша лицензиясы бар сақтандыру компаниялары қызмет көрсетуден бас тартса, не болмаса әрекеттегі АҚМ шартын бір жақты тәртіпте бұзған жағдайдың заңсыз болып табылатынын жеткізді. Бас прокуратура мәселе егжей-тегжейлі зерттелген соң осыған қатысты өз ұстанымын ортаға салады.

Жиналыс қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментіне және ҚР Ұлттық Банкіне жағдайды бақылауда ұстау ұсынылды. Туристік компанияларға сақтандыру компанияларының қызмет ұсынудан бас тартқан оқиғаларын тіркеп отыру және барлық материалдарды ҰКП мен ҚР Ұлттық Банкіне жолдау ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер