astana-view

ҰКП Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау мақсатында монополистерді кредиттеуді ұсынды

2015 жылғы 17 Маусым
7958 просмотров

Бюджеттік кредиттеу меншік формасына қарамастан табиғи монополия субъектілеріне қолжетімді болады

«Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне, «Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығы» АҚ-ға «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, қалпына келтіруге және модернизациялауға бағытталған инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Бұйрығының жобасына сараптамалық қорытынды жолдады.

«Атамекен» ҚР ҰКП қабылданған ұсыныстарына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының аясында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, қалпына келтіруге және модернизациялауға бюджеттік кредиттер табиғи монополия субъектілеріне меншік формасына қарамастан ұсынылады.

Министрлік «Халықтың өмірін қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жетілдіруге бағытталған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін орындау аясында инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын дайындады. Жұмыс тобының құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кіреді.

Сонымен қатар, Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетте өткен жиналыс барысында «Атамекен» ҚР ҰКП жеткізген ұсыныстарға сәйкес, бюджеттік кредитті ұсыну процедуралары бойынша мерзімдер нақтыланды, ашық көздерде және ресми интернет-ресурста орналастыру туралы ереже енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер