astana-view

ҰКП журналистердің байқау жұмыстарын қарауға кіріседі

2015 жылғы 22 Маусым
7375 просмотров

Қазақстанның барлық өңірлерінен 46 өтінім келіп түсті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еуразиялық экономикалық одақтағы қазақстандық бизнес: интеграцияның жағымды және жағымсыз тұстары» тақырыбында журналистік жұмыстарға байқау жариялағанын еске саламыз.

Байқау номинациялары айқын болды:

- баспа БАҚ-тағы үздік талдамалық материал;
- теледидардағы үздік репортаж (ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған сюжет, деректі фильм);
- Интернет-БАҚ-тағы үздік талдамалық материал;
- үздік радио-сюжет.

Байқауға қатысушылар арасынан теледидар журналистері белсенділіктерімен ерекшеленіп отыр. 23 журналист сюжеттер мен бағдарламалар жолдапты. Сондай-ақ газетшілердің 10 жарияланымы келіп түсті. Сонымен қатар, интернет-порталдардан 11 тілшінің матреиалдары қатысады және екі радиожурналистің жұмысы бар.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таяу арада байқау жұмыстарын қарап, жеңімпаздарды айқындайды.  6 маусымға дейін үздік материалдар авторлары жарияланады. Сәттілік тілейміз! 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер