astana-view

«Атамекен» ҚР ҰКП штатты оңтайландыруға дайындалуда

2015 жылғы 25 Маусым
7763 просмотров

Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бүгін баспасөз конференциясы барысында алда келе жатқан қызметкерлерді аттестаттау жайлы хабарлады

Аталмыш шара тамыз айында өтеді. Жыл соңына дейін ҰКП-да орталық аппарат штатын 30 пайызға, Өңірлік палаталар штатын 15 пайызға қысқарту жоспарланып отыр.

"Үкіметтік емес ұйым екенімізді түсінеміз, және үнемі қоғамның қалтқысыз назарындамыз. Мүшелік ұйым болып табыламыз. Түптеп келгенде, адамдар бізге мүшелік жарналар төлейді, ал біздің құрметті мүшелеріміз ақшаның қалай жұмсалатынына, қалай өмір сүріп жатқанымызға қызығушылық танытады. Қазір жер-жерлерде оңтайландыру жүріп жатқанын түсінеміз, сондықтан да өз жоспарымызды жариялап отырмыз: жыл соңына дейін шамамен орталық аппарат штатын оңтайландыру жоспарда бар. Бұл шамамен 70-80 адам. Оарды жайдан-жай шығара салмаймыз. Тамыз айында аттестация өтеді", - деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Қызметткерлерді аттестаттау олардың қызметі мен еңбек әлеуетін бағалауға, сонымен қатар олардың лауазымына сәйкестігін айқындауға бағытталған. Аттестаттау қорытындысы бойынша қызметкерлердің сапалық құрамы көтеріледі, әрбір жұмысшының өнімділігі мен жалпы ұжымның еңбек өнімділігі артады деп күтілуде. Қызметкерлерді аттестаттау ауысулар үшін, қызмет сатысымен өрлеу үшін, еңбекақы мөлшерінің көтерілуі үшін әрі лауазымынан төмендеу, жұмыстан босатылу үшін де заңгерлік негіз болуы мүмкін. Абылай Мырзахметовтың ойынша, аттестаттаудан өтпеген қызметкерлер салалық қауымдастықтардағы жұмысқа көшуге тиіс, ал ҰКП олармен уәкілеттіктерін бөлісуге дайын.

"Осылайша орталық аппаратты жеңілдеткіміз келеді. Оның қолайсыз болуын, төрешілдік орын алуын қаламаймыз. Ал бұл үнемі сезіліп тұрады. 5 ай ішінде мемлекеттік органдарда 700-ден астам жиналыс өткізіліпті", - деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Абылай Мырзахметов сонымен қатар қысқарту тек орталық аппаратта ғана емес, өңірлік бөлімшелерде де жүретінін айтты. Жалпы 184 млн теңгені үнемдеу жоспарлануда.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер