astana-view

«Сенім болғанмен, бақылау қалмайды»

2015 жылғы 25 Маусым
8280 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ішкі нарықты қорғау жөніндегі шаралар кешенін ұсынады 

Бұл арзан, бірақ азаматтар өмірі мен денсаулығына қауіпсіз импортпен арадағы сыни жағдай қалыптасуынан туындап отыр.

Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҰКП Төралқасы кеңейтілген отырысына қорытынды төңірегінде түсінік бере отырып, заңнамаға жасалатын ықтимал өзгертулер жайлы мәлімдеді.

«Бүгін елімізге азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін көптеген тауарлар келіп жатыр. Қауіпсіздік талаптарына, сонымен бірге ұлттықтың үстіндегі техникалық реттемелерде орнатылған талаптарға да сәйкес келмейтін тауар (ЕАЭО барлық елдері үшін ортақ нормативтік-құқықтық актілерде авт.еск.). Осыған орай біз Үкіметке нарығымызға сапасыз өнім келіп кіруі жөнінен бақылаудың аса төмен тиімділікте екені жайлы ақпарат бердік», - деп көрсетті ҰКП төрағасының орынбасары.

Палата басшылығы Үкіметке Ресей және Қырғызстанмен (1 шілдеден бастап ЕАЭО толық құқылы мүшесі болатын) шекараның барлық периметрі бойынша интеграцияланған бақылаудың бірыңғай жүйесін енгізуді ұсынады. Рахым Ошақбаев баса көрсеткендей, экономикалық одақ аясында нарықты қорғаудың аталмыш шаралары тауарлар, өндіріс құралдары мен экономикалық одақ аясындағы еңбек ресурстарының еркін алмасуын мүлдем шектемейді.

«ЕАЭО заңнамасын мұқият талдап шықтық және әріптестеріміздің тәжірибесіне талдау жүргіздік. Ресей Федерациясының хабарламаларды қабылдау бекеті түріндегі интеграцияланған бақылауды жүзеге асыратынын көріп отырмыз, онда «Ресей ауылшаруашылық қадағалау» «Ресей тұтынушылық қадағалаумен» бірге, бірінші кезекте, РФ аумағына тауарлардың белгілі бір санатын жібермеу бойынша санкциялық режимді қамтамасыз етеді. Және де мұны айтарлықтай ойдағыдай атқарып жатыр. Алайда осы функцияларды жүзеге асырумен бірге олар Ресей нарығына сапасыз өнімді жібермеу үшін, қосымша ветеринарлық сертификаттардың және басқа да қажет құжаттаманың болуын қарайды», - деп түсіндірді Рахым Ошақбаев.

Оный ойынша, ЕАЭО заңнамасы бұлай істеуге мүмкіндік береді. Ветеринария саласындағы бақылау формалары мен санитарлық-эпидемиологиялық саладағы техникалық реттеу формалары ұлттық құзыреттілікке жатқызылғанын және ұлттық заңнамамен жүзеге асырылатынын белгілейтін принципті түрдегі нормалар бар.

«Сондықтан да ол үшін ешқандай кедергі көріп отырған жоқпыз, және де бүгін Премьер-министрден көп мәнді жауап алдық. Ол Үкіметтің контрафактілі өнімді бақылау бойынша Мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылдап қойғанын мәлімдеді. Осы шешім аясында біздің ұсынысымыз қаралмақшы. Жүзеге асырылатын мүмкіндігі жеткілікті деген сенімдеміз».

ҰКП Басқара Төрағасы Абылай Мырзахметовтың ойынша, бұл ұсыныс «сауда шайқасы» элементі болып табылмайды. Егер қазақстандық өнімнің бір жері ресейлік санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін болса, көршілеріміздің оны алып келуге тыйым салуға әрі бұзушыны жазаға тартуға толық құқығы бар.

«Естеріңізде болса, наурыз-сәуір айларында Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетпен бірге құс шаруашылығы мен сүт өнімдерін жаппай тексеру бастамасын алға тартқан болатынбыз… Ресейлік мамандар да дәл сол уақытта осыған ұқсас әрекет қолданды. Бәлкім, біреулер мұны «сауда шайқасы» ретінде қабылдаған болар: қарымын қайтарғылары келді дегендей. Шын мәнісінде мұны саясатқа айналдырудың, тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ… Бұл Ресейде қолданылатын қорғаныш шаралары және оған құрметпен қараймыз… Олар өз тұтынушыларының мүддесін қорғады, сол сияқты біз де өзіміздікілерді қорғауға тиіспіз», - деп баса көрсетті Абылай Мырзахметов.

Рахым Ошақбаев шекаралардағы бірыңғай интеграцияландырылған бақылау жүйесінің Ұлттық палата мамандары ұсынып отырған шаралар кешенінің бір бөлігі ғана екенін нақтылап өтті.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу комитетінің желісі бойынша техникалық реттемелерді сақтауды бақылау екінші бағыт болмақшы.

Үшінші бағыт – бұл Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті желісі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау. Ветеринарлық бақылауды Ветеринарлық қадағалау комитеті қамтамасыз етеді, ал фито-санитарлықты – Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Мемлекеттік инспекция комитеті.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті желісі бойынша акциздік тауарларды алып жүруді бақылау алтыншы әрі маңызы кем саналмайтын бағыт болады. ҚР ИДМ Автомобильдік-көліктік бақылау комитеті жүзеге асыратын көліктік бақылауға да көңіл бөлінеді. Комитеттің Қазақстанға рухани әрі физикалық жағынан ескірген автомобильдер әкелінуінің алдын алуы да мүмкін.

Сегізінші – бұл тауарлар реэкспортының жолын бөгеу. Рахым Ошақбаев осы қызмет бағытына ерекше назар аударды.

«Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін 3277-ден астам тауар жайғасымына кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі бірыңғай тарифтен төмен болатынын білесіздер. Осыған байланысты осы тауарлардың кедендік шекарадан қосымша төлемсіз – мөлшерлемелердегі айырма үшін төлемсіз өтіп кетпеуі үшін, Кеден одағы елдері шекараларында осы тауарлардың өтуіне бақылауды қамтамасыз ету қажет болады. Бақылау тармақтары осы функцияны жүзеге асыра алар еді», - деді Рахым Ошақбаев.

Тоғызыншы бағыт Ресей аумағы бойынша транзитке тыйым салынған санкциялық тауарлар тобының шекарадан өтуіне мониторинг жасау болады.

«Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың» соңғы мәлімдемесі жайлы білетін шығарсыздар: АҚШ-тан құс етін әкелуге, Балтық жағалауы елдерінен балық өнімдерін әкелуге тыйым салынды… Ресейлік әріптестер пікірінше, бұл тауарлар Қазақстанға транзиттеу түрінде, шын мәнісінде РФ-ға әкелінеді. Осыдан келіп ЕАЭО мүше мемлекеттер алдында осындай бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр», - деп атады Рахым Ошақбаев.

Қазақстандық нарықты қорғау жөніндегі тағы бір  шара қазақстандық мазмұн туралы отандық заңнаманы ЕАЭО және ДСҰ талаптарына бейімдеу болып табылады. 

«Қазақстанның ДСҰ мүшесі ретінде үкіметтік сатып алулар туралы келісімге қосылуға және басқа ДСҰ мүше елдер үшін үкіметтік сатып алуларға кірудің ұлттық режимін ұсынуға тиіс екенін білесіздер. Сонымен қатар бізде мемлекеттік сыңайлы сектор және жер қойнауларын пайдаланушыр сатып алулары бойынша белгілі бір міндеттемелер бар. Осыған орай Қазақстан мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадан отандық жеткізушілер үшін артықшылықтарды алып та тастады. Бірақ ДСҰ мүше мемлекеттер, сонымен қатар ДСҰ әрі ЕАЭО мүшесі болып табылатын Ресейдің құқық қолдану тәжірибесіне шағым жасамақшымыз…

ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қазақстандық мазмұнға дифференциалды түрде келуді ұсынатынын, яғни осы қолдауды толығымен алып тастамай, оны жаңа талаптарға бейімдеу керектігін баса көрсетті. Мұндай түсіндірме «Өнеркәсіптік саясат туралы» РФ Заңында жасалған. Онда мемлекеттік сыңайлы сектордың да, мемлекеттік сектордың да сатып алулары кезінде Ресейде өндірілген тауарлар үшін «халықаралық шарттарға қайшы келмейтін жғдайларда» деген түсіндірмемен қатаң басымдылық орнатылған. Үкімет бұл тұрғыдан қолдап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер