astana-view

Абылай Мырзахметов: «Мемлекеттік аппаратпен арадағы қатынастың романтикалық кезеңі аяқталды»

2015 жылғы 28 Шілде
11778 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық мүддесі үшін күресте барынша белсенді іс-қимылға көшеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Алматыда өткен журналистер және блогерлермен бейресми кездесуде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Палата айтарлықтай келіссөз жүргізу әлеуетіне ие болды, және де әзірше Үкіметке қарсы пікір айтуға қабілетті жалғыз ұйым болып отыр. ҰКП басшылығы мемлекеттік басқару органдарымен әріптестік пен өзара консультацияларға негізделген қарым-қатынас жүйесін құруға қол жеткіздік.

Алайда, Палата басшысының ойынша, ҰКП-ның бюрократиялық қатынастар ағымына түсіп кету, және де мемлекеттік механизм шылауындағы ұйымға айналу қаупі де жоқ емес. Палата менеджерлері Үкімет пен оның құрылымдарындағы барлық дерлік жиналыстарға қатысып отырады, атқарушы органдар мен ҰКП арасындағы құжат айналымы еселеп ұлғайды.

«Ең бастысы – клиенттік ұйым екенімізді әрі клиенттеріміздің күн тәртібіне қарай қимылдауға тиіс екенімізді естен шығармауымыз қажет (бизнес-қоғамдастық сөз болып отыр – ред.еск.). Ал ол үнемі болмаса да, көбінесе сәйкес мемлекеттік органдар әркетімен сәйкес келе бермейді» - деп атады Абылай Мырзахметов. – «Ойымызды ашық жеткізіп отырмыз: барлық маңызды мемлекеттік органдармен және даму институттарымен келісімдерге қол қойдық, қандай да бір жұмыс топтарын құрдық, қандай да бір байланыстар орнаттық... Қарым-қатынас орната бастадық... Бірақ біз әзірше тең емеспіз және күн тәртібін беретін олар болып шығып отыр».

Палата Үкіметпен келіссөздерді тең дәрежеде жүргізетін ұйым мәртебесіне ие болды. Бірақ кәсіпкерлер мүдделерін тиімді түрде таныту жолымен жүруді жалғастыру қажет.

«Бірінші кезеңдегі біздің міндетіміз мемлекеттік шешім қабылдауға қабілетті келіссөздер күшін құру болды. Бұл ең алдымен мұндай мәселелерге практикалық тұрғыдан келетін бизнес мүдделі… Және де бұл міндетті шештік деуге болады.  Келесі мәселе – осы келіссөздік күштің әсер ету градусы», - деп атады Абылай Мырзахметов.

Палата өзінің Үкіметпен және мемлекеттік сыңайлы құрылымдармен әрекеттестігінде түрлі кедергілерге үнемі ұшырап тұрады. Сөйтіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыс жайлы меморандумның нақты мазмұнмен толықпай отырғанына бір жарым жыл болды.

«Ал, тоқтаңдар!», - деген түсінік беретін белгілі бір шекке келіп те қалдық. Байқау құжаттамасын, кәсіпкерлер танысу үшін, сайтымызға салуды ұсындық. Техникалық спецификацияның белгілі бір жеткізушіге сай түзетілетіні белгілі… Көпшіліктің талқылауы осы түйткілді анықтауға көмектесер еді. Бірақ бұл мәселеде «Самұрық-Қазынамен» әлі күнге дейін келісімге келе алмай отырмыз», - дейді Абылай Мырзахметов.

Осыған орай Палата басшылығы «Бизнес жемқорлыққа қарсы» қоғамдық науқанына жетекшілік жасай отырып, өз қызметінің жаңа бағытын ашуға шешім қабылдады. Осы жұмыс майданы бойынша штаттан тыс кеңесші ретінде ҰКП-ға тәуелсіз сарапшы Денис Кривошеев шақырылды (оқырмандар арасында көбіне Дэн Стерлинг деген атпен танымал). Палата қоғам үшін қауіп әкелетін және Мемлекет басшысының реформаларының орындалмай қалу қаупін тудыратын осы сынақпен күресте қоғамдағы барлық күштерді біріктіруге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер