astana-view

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы инновациялық жобалар түйткілдерін шешу жөніндегі жол карталары түзетуді қажет етеді

2015 жылғы 30 Шілде
9998 просмотров

Соңғы 5 жылда пайдалануға енгізілген 770 жоба ішінен 105 жоба салмақты түйткілдерге ие.

«Атамекен» ҰКП сарапшылары осындай қорытынды жасап отыр.

Қатысушы кәсіпорындар арасында сауалнама жолымен жүргізілген өңірлік карталарға талдау соңғы бес жылда пайдалануға енгізілген 770 жоба ішінен 105 жобаның түйткілді болып табылатынын көрсетті. Кәсіпорын қызметі не тоқтатылған, не олар толық емес жүктемемен жұмыс жасауда.

33 жоба өнім өткізілуінің төмен дәрежеде жүргізіліп жатқанын көрсетті, 27 – қаржыландыру жетіспеушілігіне байланысты, 9 – ЕАЭО аясында бәсекелестермен салыстырғанда өнімнің өзіндік құнынының жоғары болуы себебінен.

Тағы 20 жоба – инфрақұрылым дамуының жетіспеушіліктеріне, баждар және тариф жоғарылығына байланысты түйткілдерге ие болып отыр. 7 жоба рұқсат ету құжаттары түйткіліне ие, 3 – шикізат жоқтығы және 6 – түрлі себептермен тоқтатылған.

Үкімет жағдайды қалыпқа келтіру үшін қолдан келгенін жасап бақты. Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен, түйткілді жобаларды қолдау мақсатында облыстар әкімдіктері 11 жол картасы әзірлеп, бекітті.

Алайда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының ойынша, жасалған жол карталары таза формалды сипатқа ие және бұл Карта жобаларының түйткілдерін шешудегі шынайы жолдардың жоқтығын растап отыр.

Мәселен, Қызылорда облысы жол картасында қажетті мемлекеттік қолдау шараларының орнына қызанақ өндіретін «Тату Агро» шаруа қожалығының технологиялық процесі көрсетілген – егістік үшін жер телімін даярлау, тұқым сатып алу, егу, суару және өнімді жинау және т.б. Бұл жол карталарын жасақтауда олардың қалыптасуының нақты критерийлері айқындалмағанын көрсетеді.

ҰКП сарапшылары әкімдіктердің жұмысқа өңірлік кәсіпкерлер палаталарын тартпағанына назар аударады. Осыған байланысты, Палата ҰКП анықтаған 105 түйткілді жобаны ескере отырып жол карталарын қолдаудың тиімді шараларын дайындау мәніне қайта қарау қажет деп есептейді, және де оларға 2015 жылға арналған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау жоспары шараларына сәйкес түзетулер енгізу қажет.

Сарапшылар сонымен бірге Индустрияландыру картасын жасақтауға деген ұстанымның өзіндегі жүйелік кемшіліктерге де назар аудара кетті.

Аталмыш жұмыс алгоритмі мынадай. Алдымен, іріктеудің алғашқы кезеңінде, «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына қосу ережелерін бекіту туралы» Үкімет Қаулысына сәйкес, облыс әкімдіктері жобаларды Ұлттық экономика министрлігіне жібереді. Мұнда жобалар Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас сызбасына сәйкестікке тексеріледі.

Оны әзірлеушілер пікірінше, сызба өндірістік күштер орналасу картасы болуға тиіс. Оған жүгіну бірқатар түйткілдерді болдырмауға көмектесер еді, мәселен, бір жерде бірдей қызмет түріндегі екі кәсіпорын ашумен байланысты түйткілдер.

Алайда Министрлікте аталмыш жұмысты жүргізу әдістемесі жоққа тән. Оның үстіне, Бас сызбаның барлық деректері 2012 жылдың басына келтірілген және әлі күнге дейін өзектендірілмеген.

Экономика министрлігі қорытындысы қалыптасуымен қоса, қарап шығып, нұсқаулықтар беру үшін әкімдіктер өңірлік Кәсіпкерлер палатасына әрбір әлеуетті жоба бойынша құжаттар пакетін жолдайды (бизнес-жоспар, жобаны жүзеге асыру жоспар-кестесі және оның қаржы-экономикалық үлгісі).

Өңірлік Палаталарда қазіргі сәтте аталмыш жұмысты жүргізудің бірыңғай әдістемесі болмаса да, мұнда жобаларды өндірілетін өнімді өткізудің әлеуетті нарығы болуы (көршілес өңірлерде осындай кәсіпорын болуын ескере отырып), қаржылық тұрақтылық, жеке қаражат болуы және мемлекеттік қолдау шараларын қолдану мүмкіндігі мәніне зерттейді.

Әкімдіктер сонымен бірге жобаларды салалық сараптамадан өткізу үшін бейіндік министрліктерге жібереді.

Ақырында әкімдіктер мен өңірлік Палаталар қызметінің қайталануы байқалады, ал бұл жобаны қарауға деген кешенді ұстанымның жоқтығын көрсетеді.

Ал бүгінде Палата мен облыс әкімдіктері сарапшылары Өңірлік даму карталарын дайындап жатыр. Аталмыш стратегиялық құжаттың мақсаты инвесторлар үшін түсінікті бағдар ретіндегі бәсекелестік басымдылықтарды ескере отырып өңірлердің шынайы мамандануын анықтау. Бұл болашақта бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, келешегі бар даму жобаларының қоржынын қалыптастыру; қызметтің жекелеген өңірлердің ерекшелігімен шартталған келешегі бар бағыттарының сыныптауышын дайындау; өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО мүше мемлекеттермен ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша нұсқаулықтар дайындау. Сонымен қатар «тауашалы» инвестициялық жобаларды айқындауға және бизнестің өңірлік көшбасшыларын анықтауға мүмкіндік береді.

ҰКП Өңірлік даму карталарын дайындау жөніндегі жұмысты үстіміздегі жылдың соңына қарай аяқтауды жоспарлап отыр.

Палата сарапшылары Картаға жобаларды іріктеу аясында министрліктердің салалық қорытындыларының әрбір критерийі бойынша ақпарат беру сапасы мен уақытында берілуі мәніне қатысы бар мемлекеттік органдармен бірге талдау жүргізу қажет деген қорытынды жасап отыр. Бұл ҰКП-ның Инвестициялар және даму министрлігімен бірге облыстық Кәсіпкерлер палаталары ұсынатын нұсқаулықтарды жасап шығуына көмектеседі.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа сәйкес хатпен жүгінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер