astana-view

«SAGE» - табысқа жетер жол!

2015 жылғы 07 Тамыз
10590 просмотров

Қазақстандық мектеп оқушылары Сеулда өздерінің бизнес-жобаларын таныстырды

Әлемдік «SAGE WORLD CUP-2015» біріншілігінің жеңімпаздары 2015 жылғы 8 тамызда жарияланады.

«Біздің балалар бүгін өнерлерін көрсетіп болды. Бірақ нәтиже ертең Біріншіліктің жабылуында белгілі болады. Балалар жоғары деңгейде өнер көрсетті, бірақ болжамай қоя тұрайық», - деп хабарлады «SAGE Kazakhstan-2015» Ұлттық біріншілігінің үйлестірушісі Ардана Ваширхан.

Халықаралық деңгейде өз жобаларын қорғауға Оңтүстік Кореяға республикалық байқаудың екі жеңімпаз командасы аттанғанын еске саламыз. Сонымен, «Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясында Атырау облысынан құс өсіру жөніндегі жобасымен келген топ жеңіп шықты. Айзада Уәлитова, Жантас Қайратов, Ақерке Зұлқашева мен Диас Махаббатолла жұмыртқаларды сатып алып, инкубаторларда кейін оларды сату үшін балапандар өсіреді.

Әлеуметтік кәсіпкерлікте «Еріктілерге арналған мобильдік қосымша» жобасы үздік деп танылды. Оны ойластырғандар астаналық Темірлан Уәли, Әлібек Аханов және Мұхамедәлі Салайдын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер