astana-view

Қазақстандық «пазлдар» жеңістен үміткер

2015 жылғы 11 Тамыз
- Жамбыл облысы
10611 просмотров

Жамбыл облысының бір ауданында балалардың қазақстанша жұмсақ пазлдарын әзірлеуді ойлап тапты

«Жастар клубы» Қоғамдық бірлестігі «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығының осы және басқа да өнімдері шетелдік туристердің көңілінен шықты – фирмалық заттаңбасы бар тауарлар Австрия, Америка, Франция және Ұлыбританияға жол тартып үлгерді.

Бүгінгі таңда өндірушілер жергілікті нарықты басып алмақшы. Олар қазақстандық ноу-хаудың облыстағы балалар бақшаларында пайда болғанын қалайды. Олар өз өнімдерін сондай-ақ түрлі байқауларға қатысу арқылы да дәріптемекші. Мұндай байқаулардың бірі – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының 12 тамызда ұйымдастыратын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы. Қоғамдық бірлестік өнімін «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына қатысуға ұсынады.

Ұйым тарихы 2004 жылы, Айгүл Разақованың бастамасымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Асы ауылында «Жастар клубы» бірлестігі «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы құрылғанда бастау алды. Клуб жылдам танымалданып, 2010 жылы «Клуб ЮНЕСКО» мәртебесіне ие болады. Бүгінде оның үйірмелерінде түрлі жастағы 500-ден астам бала білім алып жатыр. Еріктілер, қоршаған орта, тігін тігу, театр клубтары әрекет етеді, би, өнер және басқа да сабақтар жүргізіледі.

Клуб тұрақты қаржыландыруды қажет ететін болғандықтан, Айгүл Разақова екі жыл бұрын ұйымдағы тігін цехының базасында жеке кәсіпорын құруға шешім қабылдайды. Бүгінде басшының жетекшілігімен төрт шебер киіз жабынды киіз үйлер үшін безендіру өнімдерін, қалыңдықтар жасауын, жұмсақ қаңқасыз балалар жиһазын және басты өнім – балалардың жұмсақ логикалық пазлдарын жасайды.

«Осы пазлдармен байқауға қатысамыз және Қазақстанды бағындырмақшымыз», - дейді Айгүл Разақова. – «Пазлдарды бірнеше балабақша сатып та алды, және де облыстың барлық балабақшаларында жақында осы біз өндірген дамытушы ойыншықтардың пайда болғанын қалаймыз».

Оның айтуынша, бүгінде клубта мүгедек әйелдер сәндік-қолданбалы өнерді үйреніп жатыр. Кейін кәсіпкер оларды жұмысқа тұрғызатын болады.

«Әр жаз сайын кеңсеміз орналасқан үйдің ауласында киіз үй қойып, балалар лагерін ұйымдастырамыз, - дейді Айгүл Разақова.  – «Көріп отырғандарыңыздай, клубтардың да, лагерьдің де жұмыс жасауы үшін қаржы қажет. Себебі өнімдерімізді сататын күллі табыс клубты қолдауға жұмсалады. Қазақстандықтардың бізді қолдайтынына сенімдіміз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер