astana-view

Абылай Мырзахметов: «Бизнестегі мемлекеттік капитализмнің демонтажын қамтамасыз ету қажет»

2015 жылғы 24 Тамыз
9493 просмотров

Үкімет мәлімдеген мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуді жақын жылдары іске асыру керек

«Құрылымдық реформалар жайлы сөз қылғанда бірізділік болуы ерекше маңызды. Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетеміз дедік пе, онда соңына дейін барайық. Шағын және орта бизнестің дамуы аса маңызды. Бағам жөніндегі шешім қабылданғаннан кейін халық пен бизнестің үмітін алдамағанымыз жөн. Таяу арадағы екі-үш жылда осыны орындауымыз керек», - деді Абылай Мырзахметов.

Ол аталмыш шараның үкімет пен сәйкес мемлекеттік органдардың үлкен күш, ерік пен жауапкершілігін талап ететінін атады.

«Егер қалыптасқан мемлекеттік капитализмнің демонтажын жасаймыз деп хабарладық па, ол ұлттық компанияларға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға қатысты болса да, осыны қамтамасыз етуіміз керек. Бір жыл бұрын қараған едік: 7 мыңнан астам түрлі ЖШС, АҚ, РМК, ҚМК  - мемлекеттік. Активтер бойынша, мемлекет экономикада 40-50 пайызды алып отыр. Бұл, менің ойымша, ең жақсы көрсеткіш емес», - деді ҰКП Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов барлық мемлекеттік бағдарламаларды салмақпен талдаудан өткізу керектігін атап өтті.

«Қандай жағдайға тап болып отырғанымызды білесіздер ме? 10 ірі коммерциялық банк соңғы жылдары өздерінің Ұлттық банкке қарағанда мемлекеттік бағдарламалар операторы «Даму» Қорына бағынышты болып қалғанын айтуда. Бұл нені білдіреді? Демек бизнес мемлекеттік бағдарламаларға көптеп сүйенеді. Қазір бізге белгі беріліп жатыр – бюджеттің ондай қаражаты жоқ. Бұдан әрі мемлекеттік қолдаудың ондай шараларына сүйене алмаймыз», - деді ол.

Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы сонымен бірге мұндай саясаттан бас тартқан жағдайда барлық кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін төмендетіп, арзан «теңге өтімділігінің» (еркін ақша жиыны) қолжетімділігін қамтамасыз ету жайлы мәселені алға тартудың орындылығын баса көрсетті.

«Бұл да аса маңызды. Егер осы дүниелерді шешіп алмасақ, шағын және орта бизнес өспейді», - деп қорытты ол.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер