astana-view

Нағыз алматылықтар, рахмет сіздерге!

2015 жылғы 01 Қыркүйек
- Алматы қаласы
10741 просмотров

Алматының Наурызбай ауданында тасқын орын алғанда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының зардап шеккендерге көмек көрсетуге үндеуін алғаш боп қолдаған қаладағы бір топ рестораторлар болатын.

«Тамақпен кәсіби түрде айналысатын және тамақ жасай алатын біз болмасақ, басқа кім көмектеседі?» -деген еді кәсіпкерлер. Дегенмен өздерінің де шаруалары жетіп жатқан болатын. Олар сол жерге барды. Тамақтандырды. Дағдарысқа, бақылау-қадағалау органдарының тексерістеріне қарамастан, күні-түні тегін түрде тасқыннан зардап шеккендер мен үйінділерді тазартудан қолы тимей жүрген құтқарушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Алматының Кәсіпкерлер палатасы, президенті Нұрсадық Әбішев бастаған Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы және «Атамекен» ҚР ҰКП сауда комитеті хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева кәсіпкерлерді тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетудегі белсенді және жемісті еңбектері үшін грамоталармен марапаттады.

«Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз бен патриоттық сезімдеріңізді жоғары бағалаймыз. Кез-келген уақытта бізден көмек сұрап келулеріңізге болады. Сіздерге үлкен алғыс айтамыз!», -  деп алғысын білдірді рестораторларға Жібек Әжібаева.

Құтқарушыларды және зардап шеккендерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуші мейрамханалар, дәмханалар және компаниялар тізбесі

1. «Дәстүр» мейрамханасы
2. «Санджак», «Cosmo Sansak» мейрамханалар желісі
3. «Восемь Озер» резорт саябағы
4. «Жалын» мейрамханасы
5. «Эльмирадор», «Хмельная Пражечка», «Уч Ляган», «Пиросмани», «Карлов Мост» мейрамханалар желісі
6. «Бану» ЖК
7. "Рестораны и развлечения" журналы
8. DAZ TRADE  ЖШС
9. Жеке кәсіпкер Тян Елисей Елисеевич
10. Kokon Resto Bar мейрамханасы
11. Forbes’t Караоке Бары
12. «Ходжа Насреддин» Мейрамханасы
13. «Мен алматылықпын!» Қоғамдық қозғалысы
14. Саид Икрам Ибрагимов
15. «Юникс» ЖШС Tassay сауда таңбасымен
16. RG Brands Kazakhstan ЖШС asu сауда таңбасымен
17. Clover мейрамхана кешені
18. "Rumi" мейрамханасы
19. "Вечное Небо" мейрамханасы
20. Ресторан "My Cafe" мейрамханасы
21. "Wagon Restaurant" мейрамханасы
22. "Roma Caffe" мейрамханасы
23. "Cafe Central" кофеханасы
24. "Ленконцерт" бары
25. "Gentlemen's Quality Bar Asia" мейрамханасы
26. "Урюк" дәмханасы
27. "PM Food" компаниясы
28. "Korean House" мейрамханалар желісі
29. "Parmigiano Group" мейрамханалар желісі
30. "L'Opera" мейрамханасы
31. "WL 13"
32. CoffeeОke
33. Beefore
34. "Marrone Rosso"
35. "Sadu"
36. "Дом Приемов"
37. "Line Brew" мейрамханасы
38. Martini Racing Cafe
39. Picnic Summer Bar
40. "China Gold" мейрамханасы
41. "El Plato" мейрамханасы

Ұқсас жаңалықтар:

Күшіміз бірлікте – Сила в единстве
18 Қаңтар
2022
Алматы қаласы
Жаңа кеңседе – тың қуатпен
12 Тамыз
2015
Ақмола облысы
Біз болмасақ, басқа кім көмектеседі?
30 Шілде
2015
Алматы қаласы
Адамзат үшін!
27 Шілде
2015
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер