astana-view

Бизнес-омбудсмен жүгенсіз шенеуніктерге тұсау болады

2015 жылғы 03 Қыркүйек
8287 просмотров

Парламент Мәжілісінде кәсіпкерлер құқығы бойынша уәкілетті институтты оның ролін күшейте отырып құру туралы заң жобасы қаралуда

Мемлекеттік органдарға нұсқаулықтар енгізу, бизнестің заңды мүддесіне қысым жасайтын нормативтік-құқықтық актілерді тоқтату, мемлекеттік органдар шешіміне дау айту – бұл Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі бизнес-омбудсменге беруге ұсынып отырған функциялардың бір бөлігі.

Сәйкес заң жобасы Президенттің «100 қадам» бағдарламасы аясында Мәжіліс қарауына енгізіліп отыр, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов. Ол заң жобасындағы басқа да принципті қосымшалар арасында Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ғана жасалатын омбудсменді тағайындау тәртібін де атады. 

«Сонымен қатар, бизнес-омбудсмен кәсіпкерлер шағымын шешу мақсатында ұстанымға келіспеген жағдайда прокуратураға өтініш енгізеді деп ұсынылуда. Ол сонымен қатар кәсіпкерлер құқығы жүйелі түрде бұзылып, мемлекеттік органдар деңгейінде олардың шешілуі мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Президентінің атына өтініш жасау құқығын алады», - дейді вице-министр.

Заң жобасы сондай-ақ бизнес-омбудсмен жыл сайын жүргізілген жұмыс жайлы баяндама даярлап, Мемлекет басшысына есеп беруге тиіс екенін анықтайды.

Тимур Жақсылықов заң жобасын дайындаушылардың Еуропа елдері бизнес-омбудсмендерінің үздік тәжірибесін зерттеп, пайдаланғандарын айтты. Вице-министрдің айтуынша, кәсіпкерлік істері бойынша уәкілетті ҰКП-мен тығыз байланыста өз жұмысын жүргізетін болады. Барлық шағымдарды барлық өңірлерде өкілдіктер желісі бар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сүзгіден өткізіп тұратын болады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер