astana-view

Жобаларға ақшаны биржа арқылы табу

2015 жылғы 05 Қазан
- Маңғыстау облысы
11093 просмотров

Отандық биржашылар бизнеске құпияларын жайып салып, қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары жайлы айтып берді

«Қазақстандық қор биржасы» (KASE) АҚ өкілдері Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес-қоғамдастықпен және жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен танысу кездесуін өткізе отырып, биржадағы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

KASE қызметкерлері мен олардың консалтингтік компаниялар арасындағы серіктестері қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары жайлы ақпаратпен бөлісті. Ол компаниялардың дамуы және болашақ жоспарларын жүзеге асыруы үшін капиталын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге компания имиджін, клиенттері мен серіктестері арасындағы ұстанымдарын жақсартады.

KASE серіктесі - «ERNST & YOUNG KAZAKHSTAN» ЖШС сатып алушылар мен сатушылар үшін қарызды қайта құрылымдауда, қайта қаржыландыруда, инфрақұрылымдық жобалар мен МЖӘ жобалары үшін қаржы тартуда, бизнес-жоспар құруда, жеке меншік капиталмен мәміле жасасуда, мәміле жасауға кедергі келтіретін тәуекелдерді (deal breakers) анықтау мақсатында компанияның қаржылай, салықтық және заңгерлік мәселелеріне мұқият талдау жүргізуде, операцияның барынша табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында активтерді сатуға дайындықты бағалауда кешенді қызметтер көрсетуге дайын екені жайлы хабарлады.

«Freedom Finance» АҚ филиалының мамандары «Баст» АҚ компаниясын ІРО-ға қалай шығарғандары жайлы, «Фридом Финанс» функциялары мен шағын және орта бизнестің ІРО-ға қатысуының басымдылықтары жайлы айтып берді.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы экономикалық талдау және жергілікті мазмұн бөлімінің бастығы Асқарбек Сүйеуғалиевтың айтуынша, қазірде қор нарығы қолжетімді әрі мүмкін болып отыр.

«Отандық компаниялар үшін қолдау, KASE-тегі листинг және листинг процедурасы жайлы, отандық листингтің жағымды тұстары, қор нарығына шығу құны туралы тоқтаусыз айта беруге болады. Сатушы мен сатып алушыға арналған қызметтер үнемі қажет. Нарық талдауына, қаржыландыруды, соның ішінде жобалық қаржыландыруды тарту, тендер жүргізуде, бизнесті қайта құрылымдауда көмек көрсетуге келер болсақ – бұл барлық кәсіпкерлерге ұшырасатын мәселелер, және де қазақстандық қор биржасымен ынтымақтастық тек пайда әкелуі ғана мүмкін», - деп атады ол.

Презентацияда сонымен қатар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінде жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың бағалы қағаздары үшін қосымша сектор ашылуы жоспарланып отырғанын хабарланды. «Mining and Oil & Gas» секторы жер қойнауын пайдаланушылар эмитенттері мен олардың бағалы қағаздары үшін Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушы компаниялар қызметінің ерекшелігін ескеретін мамандандырылған листингтік талаптар енгізілуін білдіреді.

Аталып өткендей, аталмыш секторды құру еліміздің экономикалық даму мақсаттары мен міндеттеріне, атап айтқанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 қадамына (70 және 74 қадамдар), Үкімет пен Ұлттық Банктің Астана қаласында Халықаралық қаржы орталығын құру туралы Бірлескен әрекет жоспарына сәйкес келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер