astana-view

Мәселенің мәнісі – су

2015 жылғы 14 Қазан
- Қызылорда облысы
10951 просмотров

Палата кәсіпкерлердің қаржылай шығын көруіне жол бермеді

Облыстық табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасы тарапынан Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына Қызылорда облысы облыстық мәслихатының «Қызылорда облысы бойынша беткі көздерде су ресурстарын пайдаланғаны үшін жасалатын төлем мөлшерлемесін бекіту туралы» шешімі жобасына сараптау қорытындысын ұсыну жайлы өтініш келіп түсті.

Аталмыш жобада ауылшаруашылық кәсіпорындардың су ресурстарын қолданғаны үшін ақыны 74,4 есе көтеру көзделген. Құжатты дайындаушылар төлем мөлшері жергілікті атқару органының 2006 жылғы 30 маусымдағы №299 шешімімен бекітілгенін жайлы және төлемнің базалық мөлшерлемесі 9 жыл бойы көтерілмегені жайлы өз дәйектерін алға тартты.

Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі ауылшаруашылық секторы болып табылатын ауылдық жерде тұрып жатқанын, және де қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында төлемді күрт көтеру өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін жеткізеді.  

Осыған орай ӨКП мемлекеттік органға су ресурстарын қолданғаны үшін төлемді күрт көбейтуді тоқтатуды, және де оған болашақта сатылы түрде көшу жүйесін қарастыруды ұсынды.

Мемлекеттік орган мен Палата арасындағы келіссөздер нәтижесінде су ресурстарын қолданғаны үшін жасалатын төлемді көтеру тоқтатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер