astana-view

Сыртқы жарнаманы 5 жыл бойы ауыстырмауға болады

2015 жылғы 19 Қазан
9312 просмотров

Ұлттық палатаның сыртқы жарнаманы орналастыруға берілетін рұқсат мерзімін созу туралы бастамасын уәкілетті орган құптап отыр

Көптеген өңірлер кәсіпкерлері сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру саласындағы түйткілдерді көтеріп жүр.

Сөйтіп, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға берілетін рұқсаттың бір жылға ғана берілетіні олардың көңілінен шықпай отыр. Жарнаманы көлік құралдарына орналастыру жөніндегі түйткілдер баршылық.

Сыртқы жарнаманы орналастыруға берілетін рұқсат мерзімі жайлы айтар болсақ, бұл мерзім «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру ережесімен» белгіленген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 қаулысымен бекітілген).

1 жылға рұқсат ету мерзімі кәсіпкерлер үшін айтарлықтай ыңғайсыздықтар туындатады. Жарнама нысандарын орнатудың қымбат тұруы көбіне кәсіпкерлердің шығындарын ақтамайды, оның үстіне, жыл сайынғы рұқсат алу және мемлекеттік органдармен байланыстар сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. 

Ұлттық палата сәйкес түзетулерді жасап шықты, алайда Үкіметтің реформаға ұшырауына орай (2014 жылғы тамыз айында), осы саладағы уәкілетті орган анықталмады. Жарнама саласындағы саясатты анықтау жөніндегі функцияларды Ұлттық экономика министрлігі де, Индустрия және даму министрлігі де, Ішкі істер министрлігі де мойнына алғысы келмеді, дегенмен әрбір министрлік белгілі бір мөлшерде өз мүдделері шегінде аталмыш саланы реттеп отыратын.

ҰКП бастамасымен аталмыш мәселе Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қарауына шағырылып, уәкілетті орган Ұлттық экономика министрлігі болады деген шешім қабылданды.

Осыдан кейін Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық палата қатысуымен сәйкес жұмыс тобын құрып (оған бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік субъектілері өкілдері кірді), 3 отырыс қорытындысы бойынша ҰКП бастамасы қабылданды. Қазірде заң жобасы жасалып жатыр.

Осылайша, уәкілетті орган ҰКП-ның сыртқы жарнамаға берілетін рұқсат мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту жөніндегі ұсынысын мақұлдадыал сыртқы (көрнекі) жарнаманы көлік құралдарына орналастыруға берілетін рұқсаттың күшін жоюға шешім қабылданды.

Заң жобасын дайындау және оны қабылдауды «Атамекен» ҰКП ерекше бақылауға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер