astana-view

Ауылдағы «тәтті» бизнес

2015 жылғы 21 Қазан
- Павлодар облысы
21468 просмотров

Лебяжі ауданы Аққу ауылындағы жас кәсіпкер Эльмира Исайынов кондитерлік цех және дүкен ашты.

Эльмира Исайынова кондитерлік цех ашуды көптен бері армандап жүрген еді, бірақ жеке іс ашуға біраз уақыт кірісе алмай жүрді. Кәсіпкердің айтуынша, біресе ақша қаражаты жетіспейді, біресе өндіріске қажет шығындарды есептей алмайды.

Мәселенің шешімі осы жылдың шілде айында табылады. Эльмира таныстарының кеңесімен Лебяжі ауданындағы Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. «Шынымды айтсам, мәселемнің осынша жылдам шешілгеніне таңқалдым. Мамандар бар ақпаратты жайып салып, қандай құжаттар керектігін түсіндірді, бизнес-жоспар құруға көмектесті. Айдың аяғына қарай дайын құжаттар қолыма түсті», - дейді Эльмира.

Эльмира Исайынова «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында кредит алып, «Айсұлтан» кондитерлік цехы мен дүкен ашады.

Қазірде тәтті өнімдер шығару жөніндегі цех жұмысы жөнге салынған, дүкен сөрелері келушілерді қуантуда. Аспаз үнемі жаңа пісірілген нан-тоқаш өнімдерін, торттар, бәліштер мен басқа да тәттілерді толтырып қояды. Өнім ауыл тұрғындарының арасында сұранысқа ие, сондықтан да ұзақ тұрып қалмайды. Оның үстіне, мұнда тапсырысқа торт пісіру жөнге салынған. 

Цехтың әзірше дәстүрлі кондитерлік өнімдердің шағын сұрыпталымын шығарып жатқанына қарамастан, өнім Ақтау ауылында ғана емес, күллі Лебяжі ауданының көлемінде сұралады. Жеткізу желісі де жақсы реттелген.

Эльмира идеясын іс жүзінде жүзеге асыруға көмектескен Палата мамандарына алғыс айтады. Ісін бастаушы кәсіпкердің алдынан ұшырасатын түйткіл де жеткілікті: бизнестің дұрыс бағытын қалай таңдау керек, бастапқы капиталды қайдан алуға болады және т.б.

«Арманымды іске асыру жолында бастапқы жұмыстың барлығын дерлік Палата консультанттары өз мойындарына алды. Сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік берген де солар», - дейді Эльмира. Жас кәсіпкер өндірісті одан әрі кеңейтуді және модернизациялауды, өнім сұрыпталымын ұлғайтуды жоспарлап жүр.

Басқа бизнесмендер де Эльмираның үлгісімен әрекет етуде. Сөйтіп, соңғы үш айда Кәсіпкерлер палатасының Лебяжі ауданындағы филиалы бизнесін кеңейтуге немесе жаңа өндіріс ашуға бел буған 36 кәсіпкерге көмектесті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер