astana-view

Бизнес және қоғам Алматының болашағын айқындайды

2015 жылғы 06 Қараша
- Алматы қаласы
9650 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы «Алматы-2020» Даму бағдарламасына ұсыныстар енгізеді

IX Азаматтық форум аясында Алматы әкімі Бауыржан Байбек үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне 2020 жылға дейінгі Мегаполистік даму бағдарламасы жобасын таныстырды. Алдағы бесжылдыққа қойылған негізгі міндет – Алматыны экономикалық тұрғыдан тұрақты, әлеуметтік бағдарлы, жайлы, экологиялық таза, әлеуметтік белсенді азаматтардың қауіпсіз қаласына айналдыру. Бүгінгі күннің шындығын ескере отырсақ, бұл міндетті орындау оңайға соқпас.

«Аталмыш Бағдарламаны іске асырудағы негізгі тәуекелдер арасында – жаһандық экономикалық дағдарыс, салық салынатын базаның қысқаруы және іскерлік белсенділіктің төмендеуі, - деп атады қала басшысы.  – Дей тұрғанмен, 2020 жылға дейін қаламыздың негізгі түйткілдерін шешуге тиіспіз: қылмыстың жоғары деңгейі, автожолдардың бос болмауы, ТКШ инфрақұрылымының тозуы, Алматы аудандары дамуындағы үйлесімсіздік, азаматтардың баспанамен қамтылуының жеткіліксіздігі және басқалары».

Әкім сонымен бірге Даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында бес қағидатты ұстанудың маңыздылығын баса көрсетті. Әрбір адамның қамын ойлау, әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуде азаматтардың түйткілдерін барынша шешу негізге алынуға тиіс. Басқа қағидаттар арасында – жетекші тәжірибеге негізделген тиімді экономикалық шешімдерді қабылдау, бизнесті ынталандыру, ерекше маңызды шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғамдастықты барынша тарту, жергілікті билік органдарының есеп беріп тұруы және ашықтығы бар.  

«Алматы-2020» Даму бағдарламасын жүзеге асыруда бизнес-қоғамдастыққа ерекше роль берілген. Бауыржан Байбек оңтүстік астананың экономикалық мәртебесін атап өтті. «Ел көлемінде Алматы бүгінгі күннің өзінде еліміздегі жұмысбасты халықтың шамамен 15 пайызын жұмыспен қамти отырып, елдегі жалпы ішкі өнімнің 20,9%-ын, барлық салықтық және салықтық емес түсімдердің 32%-ын, барлық сауда операцияларының 41%-ын қамтамасыз етеді. Депозиттер мен кредиттердің, бөлшек және көтерме тауар айналымының барлық көлемінің 40% астамы қала үлесінде. Алматы Орталық Азия өңіріндегі ірі әрі біршама дамыған мегаполис бола тұрып, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен ірі компаниялар өкілдіктерінің орналасу орталығы ретінде қалыптасты. Еуразиялық экономикалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында халықаралық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует ашылады», - деді Бауыржан Байбек. Әкім сонымен қатар биліктің бизнес жүргізуге барынша жағдай жасауға бар күшін салатынын атады. «Бизнесті ынталандырып, оның дамуы үшін, инвестициялар тартып, әкімшілік кедергілерді барынша төмендету үшін, жағымды жағдай жасау керек», - деп баса көрсетті Алматы әкімі және қоғам мен бизнесті Бағдарлама жобаларына ұсыныстар енгізуге шақырды.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Юрий Тілеумұратов аталмыш Бағдарламаны дайындауға дайын екенін хабарлады. «Алматының бизнес-қоғамдастығы үшін қаланы дамыту келешегі бойынша олардың ұсыныстары мен идеяларын талқылау мен енгізудің маңызы ерекше зор. Алматы бүгінгі таңда – республика көлеміндегі ең үлкен инвестициялық алаң, мұнда шағын және орта бизнес субъектілерінің ең үлкен көлемі, бюджетке негізгі түсімдерді қамтамасыз ететін ірі кәсіпорындардың көпшілігі шоғырланған», - деп атады Юрий Тілеумұратов. Оның айтуынша, мегаполистегі іскер топтардың қатысуымен «Алматы-2020» Даму бағдарламасын талқылау және Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдерін дайындау Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында 13 қарашада өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер