astana-view

Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі айқын

2015 жылғы 16 Қараша
- Ақтөбе облысы
8531 просмотров

«Орынбор - 2015» бесінші Еуразиялық экономикалық форумында Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы әрекеттестігінің мүмкіндіктері талқыланды

Форумға қатысуға 1200-ден астам Қазақстан, Ресей, Белорусь, Тәжікстан мен Армения өкілдері өтінім берген.

Форумда Қазақстанды бірнеше өңір кәсіпкерлері мен бизнес-құрылымдарының өкілдері танытты. Ақтөбелік делегация құрамында форумға Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов қатысты.

Форум аясында ЕАЭО аясындағы терең интеграцияны тежеп тұрған түйткілді мәселелер талқыланды. Ресей Федерациясы өңіріміздің ірі сауда серіктесі болып табылады. Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымының 17%-ы Ресей үлесінде. 8 ай ішінде өзара сауда көлемі $573 млн. доллар құраған. Қазірде 700-ден астам бірлескен кәсіпорынның 300-ге жуығы ресейлік капитал қатысуымен жұмыс жасайды.

«ЕАЭО серіктестігін дамытуда шекара маңындағы өңірлерге ерекше роль беріледі, себебі екі елдің мемлекеттік татулық саясаты экономикалық және әлеуметтік саладағы көршілес аумақтардың нақты ынтымақтастығымен үндестікте аталмыш елдердегі халық өмірінің өсуі мен жоғары сапасын қамтамасыз ететін өзара тиімді берік экономикалық интеграцияны қамтамасыз ете алады. Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған белсенді қимылдар қолдануына қарамастан, Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы әрекеттестігінің мүмкіндіктері көршілес аумақтарда мекен етіп жатқан халықтар мүддесінде жеткіліксіз түрде қолданылуда. Шекара маңындағы аумақтарда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнесте қосымша мүмкіндіктер пайда болуда», - деп атады «ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық» алқа отырысында сөз сөйлеген Нұрлыбек Мұқанов.

Өз өнімімен қандай да бір нарыққа шығушы кәсіпкерде көптеген қиындықтар туындап жататыны құпия емес. Атап айтқанда, ақтөбелік бизнес өкілдері ресейлік нарыққа алкоголь өнімін тең емес қолжетімділігі түйткілдерімен, қазақстандық кондитерлік өнімдердің Ресейде сатылуына кедергі жасайтын авторлық құқық мәселесіне, ҚҚС алу мәселесіне тап болып жатады.

«Сонымен бірге Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан өтуде артық шекаралық бақылау, КО бірыңғай техникалық реттеме нормаларын сақтамау, Одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы экспорттық бақылау саласындағы бірыңғай нормативтік актінің жоқтығы және аталмыш мәселе бойынша СЭҚ қатысушыларына ағымдағы жедел ақпарат берудің болмауы, үшінші елдер тауарларын әкелінген ЕАЭО мүше мемлекет аумағынан Одаққа мүше басқа мемлекет аумағына сату кезінде олардың тауарларына екі есе акциз салығының салынуы сияқты мәселелер өзектілігін жоймай отыр. ЕАЭО ішінде тек серіктес болуға үйренуіміз керек. Егер бүгінде туындап отырған түйткілдерге жылдам үн қатып, келісу қолымыздан келетін болса, сонымен қатар Еуразиялық комиссия аясында олардың шешімін жылдам табатын болсақ, онда ЕАЭО келешегі айқындалады», - деп атады алқа отырысында ӨКП директоры.

Форумға қатысушылар сонымен қатар ресейлік және қазақстандық тауар өндірушілер көрмелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер