astana-view

Мемлекеттік қолдау бәріне бірдей берілмейді

2015 жылғы 18 Қараша
8270 просмотров

Экспорттық әлеуеті жоғары кәсіпорындар ғана мемлекет көмегіне сүйене алады

Бүгін Мемлекет басшысы төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының барысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев экономиканы әртараптандыру жөніндегі кезекті шаралар жайлы айтып өтті. Министр «сервистік-индустриялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін көтеру мақсатында өнеркәсіптік саясаттың жанама шараларына назар бұру ұсынылатынын» атады.

«Мемлекеттік атаулы қолдау тек экспорттық әлеуеті жоғары кәсіпорындарға ғана көрсетіледі. Инвестициялар тарту үшін өндірістерді Қытайдан Қазақстанға көшіру жөніндегі бірлескен инвестициялық бағдарлама маңызды фактор болмақшы», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық экономика министрінің пікірінше, аграрлық сектор «Қазақстанның болашақтағы экономикалық өсімі үшін басты драйверлердің бірі болуға тиіс».

«Австралия мен Бразилияның тәжірибесі бойынша негізгі назар ДСҰ «жасыл себет» шаралары арқылы ауыл шаруашылығы, аграрлық ғылым, жаңа технологиялар енгізу үшін инфрақұрылымды дамытуға аударылатын болады. Мемлекеттік қолдау тиімділігінің көтерілуіне қолданыстағы субсидиялау жүйесін реформалау, ауылшаруашылық кооперациялар дамуын ынталандыру және ауылшаруашылық жердегі жеке меншік институтын қалыптастыру септесетін болады», - деп атады министр.

Министр сонымен қатар өнеркәсіптің мұнай-газ, тау-кен және өңдеу салалары кәсіпорындары үшін қолданылатын шаралар жайлы жеткізді.

Сонымен, «мұнай-газ компанияларының ілеспе газды жағуына қосымша рұқсаттар берілді», сонымен қатар «2016 жылдан бастап мұнайдың экспорттық кедендік бажын әлемдік бағаға таңу жолымен салықтық жүктеме төмендетілді».

«Тиімділігі төмен кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС) мөлшерлемелері қайта қаралып, геологиялық-барлау жұмыстары кезеңінде қордаланып қалған қосылған құн салығын бес жыл ішінде қайтару көзделген», - деп атады Ерболат Досаев.

ҰЭМ басшысы сонымен қатар биылғы жылдың басынан бергі Қазақстан экономикасындағы ағымдағы ахуалға сипаттама беріп, «оның жалпы әлемдік экономика өсуінің баяулауы жағдайында, негізгі шикізаттық тауарларға деген баға мен сұраныстың төмендеуі жағдайында  дамып жатқанын» атады.  

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және 2015-2016 жылдарға арналған Жедел шаралар жоспарының аясында сіздің бастамаңызбен қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан экономикасының өсімі 10 ай ішінде 1% құрап отыр. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 2,2% төмендеуі салдарынан өнеркәсіптік өндіріс 1,3% азайды», - деді Ерболат Досаев.

«Машина жасаумен, оның ішіндегі, әсіресе көліктік машина жасау саласындағы айтарлықтай құлдыраумен байланысты мәселелер баршылық. Аталмыш құлдырау 29,1% құрайды. Биылғы жылы мұнай өндіру көлемінің жоспарланған көлемнен 1,5 млн тоннаға төмендеуі жалпы ішкі өнім өсіміне теріс үлесін қосады, бұл шамамен 0,22%», - деп қорытты министр.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер