astana-view

Санкцияның пайдасы

2015 жылғы 25 Қараша
- Алматы қаласы
9129 просмотров

РФ Калининград облысының бизнесмендері серіктестікке шақырады

Алматы Кәсіпкерлер палатасына Ресей Федерациясының Калининград облысынан келген делегация қонақ болды. Бұл Ресейдің ең батыс өңірі, Еуропаға ашылар қақпасы, мемлекетпен құрлықта ортақ шекарасы жоқ жартылай эксклав. Өңірдік басты артықшылығы – суы қатпайтын Балтық теңізімен көршілігі. Күллі әлемнен келетін теңіз жеткізулерімен үздіксіз жыл он екі ай қамтамасыз етіліп тұруы да сондықтан.

Бизнес-миссия құрамы құрылыс материалдарын (цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, бетон), металл-пластикалық терезелер, жиһаз, тас пен кварц құмынан жасалатын сантехника, касса аппараттарына арналған чек таспасын әзірлейтін, көкөністер мен жемістерді қайта өңдейтін компаниялардан тұрады.

«Соңғы кездері ауыл шаруашылығымыз белсенді түрде дамып келеді, маусымдық жемістерді өсіруге арналған бақтар бой көтеруде. Мемлекет шаруа қожалықтарына субсидиялар ұсынады. Алайда нарық қажеттіліктері сұранысқа қарағанда әлдеқайда жоғары. Санкцияларға байланысты сатып алуларымыз бен жеткізулеріміздің географиясын өзгертуге мәжбүр болдық, сондықтан да қазақстандық жеткізушілерді әріптестікке шақырамыз», - деп хабарлады Калининград облысы Үкіметі Кәсіпкерлікті қолдау қорының басшысы Олег Матукевич. 

«Біз сонымен қатар жүктерімізді толық заңи сүйемелдеуді қатамасыз ете алатын серіктестерді іздеп жүрміз. Мәселе Орта Азия мен Қазақстаннан баратын жүктердің ресейлік кеден сертификаттау органдары тарапынан қатаң бақылауға ұшырайтынында болып отыр. Мүмкін болар тәуекелдер себебінен қатаң түрде келісілген мерзімде жеткізу бойынша кейбір кепілдіктерді қамтамасыз еткіміз келеді», - деп атады консервіленген азық-түлік шығарумен айналысатын компания директоры Александр Иванов.   

Кездесу соңында тараптар байланыс мәліметтерін алмасып, болашақ әріптестікке үміт білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер