astana-view

Шетелдік арналар Қазақстандағы кабельді теледидардан алынып тасталуы мүмкін

2015 жылғы 25 Қараша
12813 просмотров

Кабельді теледидар өкілдері шетелдік телеарналардағы жарнамаға тыйым салудың техникалық тұрғыдан мүмкін емес екеніне сенімді

«Заңнамаға сәйкес, жарнама бірнеше типке бөлінеді. Барлығымыз да теледидар тамашалаймыз, және де, ережеге сай, телебағдарламаны бөліп отыратын жарнама астарындағы блок аралық заставкаларды түсінеміз. Оған қоса визуалдаудың графикалық құралдары да бар – бұл бас киімдер, лейблдер, графикалық заставкалар, жүгіртпе жол. Үшінші тип – бұл жарнаманың бағдарламаның өзінің ішінде орналастырылуы, мысалы, футбол ойыны жүріп жатса, ондағы билбордтар мен ойыншылар жейделерінде де жарнама жапсырылып жүреді. Соңғы екі типті эфирден қалай кесіп алып тастаймыз?», - деп мәлімдеді «Телерадио хабар тарату операторлары қауымдастығының» басшысы Саят Нұрахметов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан аумағында шетелдік телерадиоарналарды ретрансляциялау кезінде жарнаманы таратуға тыйым салу туралы норманы талқылау жөніндегі отырыста сөз ала отырып.

Оның айтуынша, бұған қоса норма аса зор шығынға алып келеді. Сөйтіп, бір арнадан жарнаманы алып тастау аз дегенде 1 млн 100 мың теңгеге түседі. Ал сандық телевизия аясында аталмыш сан екі есеге артады.

«Алма ТВ» бас директорының орынбасары Андрей Вагнер өз кезегінде заңнамаға жасалған түзетудің күшіне енуі нәтижесінде шетелдік арналарды трансляциялаудың тоқталып қалатынын атап өтті. «Discovery мен Eurosport Қазақстанда болған да еді. Олар мұның түйткіл тудыратынын әрі Қазақстан аумағында трансляция жасауды тоқтататындары жайлы мәселенің көлденең тұрғанын жеткізді. Себебі Eurosport 1 және Eurosport 2 жарыстар трансляциясын тікелей көрсетеді, және де олар жарнаманың қашан болатынын білмейді. Екінші мәселе: анонстар – бұл да жарнаманың формасы. Оларды кесіп тастауға мүлдем болмайды. Сонымен бірге осы жұмыстың бәріне едәуір көлемдегі инвестициялар керек болатынын мәлімдеді, сәйкесінше, бұл бізге әсерін тигізеді – контент құны көтеріледі. Біз автоматты түрде бағаны көтеруге мәжбүр боламыз. Ақырында адамдар қарақшылық желілерге кетіп қалады», - деді ол.

Байланыс операторлары гильдиясының төрағасы Степан Вадюнин норманың техникалық тұрғыдан мүмкін болмайтынын мәлімдеді. «Әсет Исекешевтің трансляциядан барлық жарнама түрлерінің алынып тасталуы керектігін айтқан мәлімдемесі бар. Осылайша, қандай құрал ойлап тапсақ та, аталмыш түзетудің техникалық тұрғыдан жүзеге асырылуы мүмкін еместігі жайлы айтуға болады. Нарықта «Голос» шоуындағы Урганттың сөзін кесіп тастап, футболшылардың арқасындағы жарнамалық жазбаларды алып тастауға мүмкіндік беретін өнімдер жоқ. Ал заңға сүйенсек, бұл жарнаманы алып тастауға болады дейді. Екінші мәселе, аталмыш түзету қазақастандық заңнама мен халықаралық шарттарға қаншалықты сәйкес келеді?», - деді ол.

«Қатысушылардың барлығының назарын ең жағымсыз нұсқаға аударғым келеді. Барлық жарнаманы кесіп тастау мүмкін болмайтындықтан, барлық шетелдік арналарды сөндіреміз. Абоненттің арналарды тамашалауының үйреншікті екі нұсқасы бар  - бұл спутниктік антенна немесе интернет. Егер тұтынушы спутниктік антеннаға кететін болса, онда қазақстандық контентті көрмейтін болады. Операторлар желісінде отандық 25 арна қалады да, оның төлемі шамамен 100 теңгені құрайтын болады. Сәйкесінше, қазына салықты қазіргі көлемде ала алмай қалады. Отандық хабар таратушы кабельдік операторда болған жарнама бөлігін алады деп ойламаймын. Жарнама интернетке кетіп қалады», - деп өз ойын білдірді «Фермата» ӨК директоры Юрий Сецеховский.

Сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясының өкілі Анара Омарова сөз алып, алдыңғы спикерлер сияқты еш қызығы жоқ келешекті көз алдымызға әкелді. «Біз бұл заңға мүлдем дайын болған жоқпыз, себебі бізде арнайы жабдық жоқ. Заң халықтың бәрі теледидар алдына жайғасатын жаңа жыл кезеңінде күшіне енеді. Шешім қабылдауымыз қажет, не заңды бұзып, айыппұл салынады, не барлық ақылы арналарды өшіріп тастап, шығынға қаламыз. Егер рейтингісі жоғары шетелдік арналар кетіп қалатын болса, ақылы телевизияның бұдан былай өмір сүруі екіталай. Мерзім шегерілсе дейміз», - деп атады ол.

Сонымен қатар отандық телерадио хабар тарату өкілі, «Новое телевидение» АРТ телекомпаниясының бас директоры, қарағандылық Руслан Никонович те сөз алды. «Отандық хабар таратушы ретінде, әрине, бұл нормадан жамандық көрмеймін. Алайда ұлттық Телерадио хабар таратушылар қауымдастығының мүшесі ретінде мұндай заңның әзірленуі мен қолданылу тәсіліне алаңдаулымын. Салалық қауымдастықтан асып ешкім нарықтан анық хабардар бола алмайды. Құрметті депутаттарымыз телевизия нарығын қайдан біледі? Бізді шақырыңыздар!  Заңды қабылдайсыздар ма – салалық қауымдастықты да шақырыңыздар!», - деп мәлімдеді ол.

Руслан Никонович сонымен бірге түзетудің кейін сот ісіне ұласарына қауіп білдірді. «Авторлық құқық әлі де әрекет етеді. Кез-келген шетелдік телеарнаның шетелдік құқық иесі норма күшіне енгеннен кейін сотқа жүгініп, жеңіп шығуы мүмкін, себебі ҚР заңы халықаралық конвециялар алдында әлсіз», - деді ол.

Жинылас қорытындысы бойынша барлық түйткілдерді жинақтап, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жүгінуге шешім қабылданды. Бастапқыда ҰКП алаңында Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің телерадио хабар тарату операторларымен кездесуі жоспарланғанын атап өту керек, алайда мемлекеттік орган соңғы сәтте қатысудан бас тартты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер