astana-view

Фармацевттер өнімдерінің бағасын реттеу әдістерін қайта қарауды сұрайды

2015 жылғы 30 Қараша
6501 просмотров

Жүйелік кедергілерді алып тастау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнаманы кезең-кезеңмен тексерістен өткізу қажет

Ұлттық палатада ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Фармацевтика, медицина өнеркәсібі және медицина қызметтері комитетінің отырысында осы мәселе сөз болды.

Оның айтуынша, бұл сонымен қатар фармацевтика өнімдерінің бағасын төмендетуге және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.

Отырыста өнімсіз шығындарды төмендету, фармацевтика өнімдерінің бағасын белгілеу және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелері талқыланды.

Бейіндік Комитет мүшелерінің пікірінше, келесі жылы фармацевтика өнімдері бағасын төмендету және оның бәсекеге қабілеттілігі өсуі үшін жүйелік кедергілерді алып тастау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға кезең-кезеңдік тексеріс жүргізу қажет. Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер түрінде ел аумағындағы өндірушілер өкілдіктерін орналастыруға импортшыларды ынталандыру қажеттігі туралы да айтылды.

Комитет мүшелері 2015-2016 жылдарға арналған Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екендерін білдірді.

2015 жылдың басында қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік аясында кәсіпкерлердің Денсаулық сақтау министрлігімен 200 дәрі-дәрмекке және медициналық мақсаттағы бұйымға баға өсуін ұстап тұру жөніндегі меморандумға қол қойғаны белгілі. Бүгін кәсіпкерлер осындай меморандумды 2016 жылға да жасау жөніндегі мәселені талқылауға дайын, алайда олар сонымен бірге кәсіпкерлердің ағымдағы өнімсіз шығындары бойынша статистиканы келтіре отырып баға өсуін төмендету жөніндегі меморандумдар жасау тәсілдерін және фармацевтика өнімдері бағасын реттеу әдістерін қайта қарауды  ұсынып отыр.

Комитет мүшелері сонымен қатар 2016 жылға арналған Жұмыс жоспары мен Дағдарысқа қарсы жоспарда көрсетілетін ұсыныстарды шоғырландыруға шақырды.

Сонымен қатар Ұлттық палата базасында салалық қауымдастықтар, пациенттер құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдер қатысуымен, мемлекеттік органдардың фармацевтикалық және медициналық қызметтер нарығына қатысушылармен тиімді әрекеттестігі бойынша ұсыныстар дайындау үшін, кеңейтілген селекторлық жиналыс өткізу ұсынылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер