astana-view

Әркімнің қабілеті бойынша, әркімге қажеттілікке қарай

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
14376 просмотров

ӨКП-ның кәсіпорындар және оқу орындарымен жасасқан шарты аясында 2 мыңнан астам студент еңбек іс-тәжірибесінен өтті.

Барлығы 71 үш жақты шарт жасалды. 

СҚО КП директоры Тұрар Искаков атап өткендей, Дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыру аясында Палата сарапшыларының тікелей қатысуымен 21 эксперименталдық оқу жоспары жасалды. Ал оқу орындарына көмек ретінде 60 пайызға дейінгі кәсіптік даярлыққа оқу уақыты көлемі берілген даярлық, қайта даярлау және біліктілікті көтерудің типтік оқу жоспары үлгісі дайындалды.

«Сонымен қатар, облыс әкімдігінің кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруы ӨКП ұсынысымен 462 бизнес субъектісінен сауалнама алу жолымен анықталған қажеттілік негізінде жүргізіледі. 2015 жылы жоғары, кәсіптік және техникалық білім беру мамандарына қажеттілік 8884 адамды құраса, 2016 жылы сәл төмен - 8118 адам», - деп жалғады сөзін Тұрар Искаков.

Ол сонымен бірге Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің инженерлік-педагогикалық жұмыскерлер біліктілігін көтеру және машықтандыруы үшін кәсіпорындарды анықтауда жәрдем көрсететінін баса көрсетті. Сонымен, жыл басынан бері КжТББ 12 оқу орнынан 27 оқытушы өңір кәсіпорындарында машықтанудан өтіп, 64 оқытушы біліктілігін көтерген.

«Қызметкерлеріміз педагогикалық қызметкерлер біліктілігін көтеру курсы тыңдаушылары үшін адами капиталдың қалыптасуы және ролі, дуалды оқыту дамуы туралы дәрістер оқып, кәсіпорындарда тәжірибелік сабақтар өткізеді. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер біліктілігін көтеру курстарының барлық бағдарламалары Палата ұсынысын ескере отырып жасалады», - дейді ӨКП басшысы.

Адами капиталды дамыту бөлімінің қызметкерлері КжТББ ұйымы қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен ұсыныстар енгізу жөнінен де белсенді жұмыс атқаруда. Олар жыл басынан бері 30 НҚА-ға өзгерту енгізу жөнінен ұсыныстар дайындап, 4 колледжді аттестаудан өткізуге, 4 мамандыққа лиицензия беруге қатысты.

Кәсіпорын қызметкерлері мен КжТББ студенттерінің кәсіптік білім және дағдыларға ие болуы мақсатында облыста 4 оқу орны қызмет жасайды, оның үшеуі Палата бастамасымен ашылған. Жыл басынан бері 1484 маман даярлық, қайта даярлау және біліктілікті көтеруден өтті. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың сәуір айында Есіл ауылшаруашылық колледжі жанындағы ауылшаруашылық саласы мен қайта өңдеу кәсіпорындары мамандарына арналған оқу орталығын құру жөніндегі жұмыс аяғына жетті.

«Биылғы жылы тиімді кәсіптік бағдар жұмысын дамыту үшін Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Петропавл қаласында және облыс аудандарында 2 орталық және 41 кабинет ашылып, онда оқушылар үшін 1344 кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Ал өткен жылдың ақпан айында пилоттық жоба ретінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі базасында экономикалық емес мамандықтардың бітіруші курсы студенттері үшін бизнес-мектеп ашылды. Бүгінгі күні облыстағы 14 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымында осындай бизнес-мектептер ашылып отыр», - деп түйіндеді СҚО КП директоры.

Тұрар Искаков «Адами капиталды дамыту» басым бағытының аясында жүргізілген жұмысқа қорытынды шығара отырып, көпшілігі Дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыруда, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларында Палатаның әлеуметтік серіктесі болып табылатын солтүстік-қазақстандық кәсіпорындар қатысуының оң нәтижелерін де атап өтті.

Биылғы жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғаш рет аталмыш іс-шараларды ұйымдастырушы ролін алғанын еске саламыз. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысқан облыс кәсіпорындарына алғыс білдіріп, Петропавл ауыр машина жасау зауытының ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясындағы жеңісімен тағы бір құттықтап өткіміз келеді», - деп атады СҚО КП директоры Тұрар Искаков.

Ол сонымен қатар «Атамекен» ҰКП арнайы сыйлығы «Іскер» және «Парыз» байқауының лауреаттары - ЖК «Стрелец А.В.» және «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құттықтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер