astana-view

Ресейге жеткізілген пияз

2015 жылғы 22 Желтоқсан
8806 просмотров

Жамбыл облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері ЕАЭО аясында қырғыздық бәсекелестерімен ойдағыдай бәсекелесуде

Аталмыш өңір фермерлері ішкі нарықты ғана қамтамасыз етпей, өнімдерін экспорттауға да үлгеріп жатыр. Сөз пияз жайлы болып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жеткізді. Жамбылдық тауар өндірушілерде ЕАЭО-ға Қырғызстан қосылғаннан кейін бәскелестікке шыдас бере алып жатыр ма деген сұраққа оң жауап қайтарды. «Қазір, керісінше, республикалыққа қарағанда жергілікті бюджет ұлғая бастады», - деді әкім.  

Облысқа тіке келіп жатқан қырғыз тауарларының импорты төңірегіндегі ахуалға түсінік бере отырып, өңір басшысы: «Өз тауар өндірушілеріміз жоқ емес», - деп қысқа қайырды.

Мысалы, ауыл шаруашылығында, атап айтқанда, Қордай, Меркі, Шу, Сарыжуалы, Байзақ аудандарында тамшылай суару технологиясы белсенді түрде қолданылады. «Биыл пияз плантациясының бір гектарынан тамшылай суару есебінен  80-100 тонна өнім, сондай-ақ басқа да көкөніс өнімдерін алдық», - деп жалғады сөзін әкім. Облыс үстіміздегі жылы Ресейге 1034 вагон пияз жеткізді. «Сондықтан өз өніміміз де жеткілікті, Қырғызстанға жүгірудің қажеті жоқ», - деп түйіндеді Кәрім Көкірекбаев.

Жанар Сердалина   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер