astana-view

Арнайы экономикалық аймақтар үшін 16 заңға қосымша акт қабылданбақшы

2016 жылғы 11 Қаңтар
9144 просмотров

Құжаттар қазір келісуде жатыр

Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары аумағындағы қызметтің басым түрлерін анықтау процедурасы айтарлықтай оңтайландырылатын болады.

«KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров Орталық коммуникациялар қызметінде бүгін өткен брифингте осындай хабар таратты. Ол 2015 жылғы АЭА жұмысына қорытынды жасай отырып, оларды «жемісті» ретінде атады. Ал аталмыш экономикалық аумақтар үшін Мемлекет басшысы қол қойған АЭА қатысушыларының да, басқару органдарының да қызметін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жаңа перспектива береді.

Алмас Айдаров берген деректерге сүйенсек, аталмыш заңды жүзеге асыру үшін 16 нормативтік-құқықтық актіге түзетулер топтамасын енгізу жоспарланып отыр, оның үстіне, құжаттар «дайын және аккредиттелген ұйымдар мен мемлекеттік органдарға келісуге жіберіліп қойған».  

АЭА аумағында бизнесті ұйымдастыруға арналған шарттарды жеңілдетумен бірге әрекет етіп тұғран ұйым базасында Бірыңғай үйлестіру орталығын құру және оған басқару компанияларының мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін сенімгерлікпен басқаруға беру мүмкіндігі көзделген. Басқа да күтіліп отырған заңнамалық жаңалықтар арасында жер телімін АЭА әрекет ету мерзіміне тең мерзімде жеңілдікпен қолдануды ұзарту аталып отыр.

Алмас Айдаров АЭА төңірегіндегі ағымдағы жағдайға түсінік бере отырып, 2016 жылы шамамен 500 млрд теңгеге жуық сомаға 53 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Атап айтқанда, «Бурабай», «Оңтүстiк», «Сарыарқа» АЭА, «Ақтау Теңіз порты» АЭА 2 қосалқы аймағы, сонымен қатар «ИТП» мен «Астана-жаңа қала» АЭА №1 Индустриялық паркінің» бірінші кезегі инфрақұрылымының құрылысы толығымен аяқталған.

Сонымен қоса, 2016-2017 жылдар кезеңінде тағы 4 АЭА инфрақұрылымының құрылысы аяқталмақшы («Қорғас – Шығыс қақпасы», «ИТП», «Астана», «Тараз Химия паркі»). Екі АЭА химия және мұнай химиясы нысандарының бірегейлігіне орай ондағы инфрақұрылым 2018-2019 жылдары аяқталады деп жоспарлануда («ҰИМТ», «Павлодар»). 2020 жылға дейін АЭА құрушылар барлық қолданыстағы экономикалық аймақтар инфрақұрылымын қалыптастырып аяқтауға уәде беріп отыр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер