astana-view

Жаңа Мәжіліс Мемлекет басшысының Ұлт жоспарын жүзеге асырады

2016 жылғы 14 Қаңтар
9287 просмотров

«Атамекен» депутаттардың мерзімінен бұрын сайлау өткізу жайлы бастамасын қолдайды

«Өткен жылы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жарияланған болатын. Жыл бойы биліктің атқарушы, заң шығарушы тармақтары, сонымен бірге сарапшылар, қоғамдық күштер жоспарды талқылауға белсене қатысты. Аталмыш қадамдарды жүзеге асыру жолында 82 заң қабылданды. Өткен жылдың соңында Үкімет те, депутаттар да көлемді сындарлы жұмыс жүргізді. Барлық 82 жобаны талқылауға қатыстық дей аламыз. Ұлт жоспарында көрсетілген қадамдардың жартысынан астамы экономика мен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты. Сондықтан да, біз, кәсіпкерлер, оның оайдағыдай әрі тиімді жүзеге асырылуына мүдделіміз», - деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

Ол мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманың уақытында жасалғанын және алдағы реформалар көлемін анықтайтынын атады. «Мәжіліске келетін жаңа күштер, партиялар, қоғамдық күштер жақын арадағы 4-5 жылдық мерзімде осы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысатын болады», - деп жалғады сөзін Абылай Мырзахметов.

«Жаһандық экономикалық сынақтарға алдын ала жауап ретінде Мемлекет басшысы ұсынған дағдарысқа қарсы шараларды жылдам арада жүзеге асыруды қолдаймыз», - деп баса көрсетті ол.

Ұлттық палатаның басқарма басшысы мемлекет пен кәсіпкерлердің әрекеттестігі мен серіктестігіндегі жаңа қағидаттардың сенімді экономикалық өсу үшін, берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атады.

«Күш біріктіре отырып қана заң шығарушы билікке жаңа сенім мандатын беретін берік те шоғырланған азаматтық тұғырнаманы құра алатынымызға сенімдіміз. Осыған байланысты бизнес, саяси партиялар өкілдерін, сонымен қатар ел азаматтарын алдағы сайлауды қолдауға және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен ілгерілемелі дамуын нығайтуға үлес қосуға шақырамыз», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер