astana-view

Тимур Құлыбаев: «Палата қазіргі салық мөлшерлемесін қорғап қалды, ал бизнестің жеке өндіріс пен қайта өңдеуді дамытқаны дұрыс»

2016 жылғы 14 Қаңтар
9175 просмотров

Бизнесті тексеруге мораторий қазақстандық экономиканы оңалтуға сеп бола алмайды

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы бизнесінің өкілдерімен кездесуде осындай ой айтты.

Кәсіпкерлік субъектілері үшін мораторий енгізу өтінішін Қазақстандық Қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова жеткізген еді. Ол қазіргі кезде бақылау органдарының қаптаған тексерістері қызметіне бөгет жасап жүрген Қауымдастық мүшелері, саалалық компаниялар өтініштерінің жиілеп кеткенін атады. Рашида Шайкенова сонымен қатар ұсақ дәмхана, қонақ үйлер мен сұлулық салондарында онлайн‑байланысы бар бақылау‑кассалық машиналарды орнату қажеттігі жайлы сауал тастады. Жаңа енгізілімнің үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енгенін еске саламыз, ал қызмет көрсету саласында жүрген көптеген кәсіпкерлер қажет аппаратты әлі күнге дейін орнатпаған.

Алайда аталмыш ұсынысқа қарсы уәж айтылды. “Қазақстандағы көлеңкелі экономика көлемі 40 пайызға жетіп жығылады, - деп баса көрсетті Тимур Құлыбаев. – Мәлімет үшін айта кетейін, бір ғана «Теңізшевройл» компаниясының өзі қазынаға Алматы бюджетіне тең соманы аударады. Барлық мұнай өндіруші компаниялар – салықты адал ниетпен төлеушілер, есеп және аудит жүйесін ашық жүргізеді. Сонда неге шағын бизнес те осылай қатаң есеп бермеуге тиіс? Алматыда 60‑қа жуық базар бар, ал онда есепке алынбағандар қанша екен? Қалада 184 мың кәсіпкерлік субъектісі, 22 мың орта, 2 200 ірі бизнес бар. Тексерушілермен ақпарат алмасуды қалыпқа келтіру керек. Жосықсыз кәсіпкерлер мүдделерін алға тартуға болмайды! Тағы бір айтайын дегенім, “Атамекен” ҰКП салық мөлшерлемесін көтеруге жол бермей, бизнес құқығын қорғап қала алды”. Ол салық органдарының көлеңкелі экономикамен күресуге тиіс екенін айтты – бұл олардың міндеті. Ұлттық палата бұл мәселеде Мемлекеттік табыс комитетімен келіседі, әрі бизнесті жосықсыз жүргізуді қолдамақшы емес.

Тимур Құлыбаев сонымен қатар қазақстандық‑қытайлық шекарада анықталған контрабанда тәсілі жайлы еске салды. “Мұнайдан түскен долларды қайта жұмсап жатырмыз? Өндірудің орнына ұзақ қолданылатын тауарларды, технологияларды, азық‑түлікті, материалдық активтерді сол Қытайдан сатып аламыз! Мемлекеттік органдардың тексерістеріне шағымдана бермей, өзімізде де қайта өңдеуді, өндірісті дамыту қажет”, - деп баса көрсетті Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер