astana-view

Нұрсұлтан Назарбаев: «Елімізге доллар емес, теңге маңызды!»

2016 жылғы 29 Қаңтар
12183 просмотров

Қазақстан Президенті ұлттық валютаға өмір сүруге шақырды

Партияның XVII съезінде «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзінде елдің экономикасы мен қаржы-валюта нарығындағы жағдай басты тақырып болды. «Бүгінгі таңда дамудың күрделі әрі қайшылыққа толы кезеңін күллі әлем бастан кешіп отыр. Біз осының бәрін бақылап отырмыз», - деп атады Мемлекет басшысы «тарихты еске түсіруді» ұсына отырып.

«Оңтүстік-шығыс дағдарысы 1997 жылы басталды, ал 1998 жылы әлем азиялық дағдарыс зардабын тартты. Есімізде болса, 1998 жылы мұнайдың 1 баррелі 8,5 доллар тұрған еді. Осыдан кейін он жыл бойы мұнайдың бір баррелінің 130 долларға дейін өсуі жалғаса берді. Одан кейінгі он жылдықта – тағы да құлдырау, ол қазір ең түбіне жетіп қалған сияқты», - деп атады Нұрсұлтан Назарбаев.

«Бір баррель құны 30 доллар бағасымен өмір сүріп келе жатқанымызға жарты жыл болғанын еске түсіруіміз ғана қалды. Ештеңе де болған жоқ қой. Бұны жеңіп шығамыз деген ойдамын», - деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан теңге бағамын Ұлттық қор қаражаты есебінен шексіз қолдай беруден бас тартпағанда қандай оқиға орын алатыны жайлы да сөз етті.

«Қаржы жүйесі күйреп, өндірістер жабылып қалар еді, себебі экспортшылар ештеңе алмас еді, жалақыны төлей алмас еді, өндірісті жүргізе алмай қалады да, шағын кәсіпорындар шығынға түсер еді. Жұмыссыздық белең алып, инфляция жайлар еді. Қазақстандықтар байып кетер ме еді? Жоқ!», - деп баса көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мысалы, мен теориялық тұрғыдан парламентсіз бір доллар бір теңге тұрады деген шешім қабыладй аламын. Оны жасауға болады. Кезінде солай болған да еді», - деді Мемлекет басшысы. Ол «бір рубль ресми түрде бар-жоғы 45 цент тұрған» КСРО заманынан мысал келтірді. «Тіпті бір доллар да емес! Бірақ бұл табиғи шаруашылық жүргізген, барлық жерден темір құрсаумен жаппай жабылған елде болған еді. Ол кезде қанша жеке кәсіпкер болған еді, естеріңізде ме? Нөл. Жеке меншік ұғымы мүлдем болған жоқ. Сондықтан да өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуға құқығы болмады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Нарықтық ғылымның шындығы ұлттық валюта бағамын реттеген сайын, кәсіпкерлер мен бизнеске кедергі жасауды арттыра түсетіндігімізде. Мұның неліктен осылай болып отырғанын да адамдарға қарапайым тілмен түсіндіру керек», - деп үндеді Президент. Ол «Атамекен» Палатасына «адамдарға жағдайды шағын және орта бизнес арқылы» түсіндіруді тапсырды.

«Егер бәрін қоя тұрсақ, елімізге доллар емес, теңге маңызды! Біз теңгеге өмір сүреміз, теңгеге сатып аламыз, теңгемен есеп айырысамыз», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер