astana-view

Тауарлар туралы ақпарат алдын ала берілсе, жүктер кідіріссіз ресімделетін болады

2016 жылғы 08 Ақпан
7473 просмотров

Баку-Ақтау порттары арқылы Түркиядан жүк тасымалдайтын барлық тасымалдаушылардың назарына

ҚР «Атамекен» ҰКП 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Ресей Федерациясының түрік тауарларына санкциялар енгізуіне байланысты Түркиядан Қазақстанға жүктерді жеткізу маршруттары әртараптандырылғанын еске салады.

Халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағының (ҚазАТО) ақпараты бойынша, қазіргі күні аталған бағыттағы тасымалдың 90%-ы Қара және Каспий теңіздерінің порттарымен балама маршруттарды қолдану арқылы жүзеге асырылуда.

Баку және Ақтау порттарына түсетін жүк ағынының қайта бағдарлануы салдарынан паромдық тасымалдардың көлемі 10 есеге ұлғаюына орай, Ақтау портында транзитпен ілесе жүретін  машиналарды дер кезінде рәсімдеу және өткізуге байланысты қиындықтар туындады.

Осыған байланысты, транспорт құралдарының және тауарлардың порттан өту ресімдерін жеделдету және оңайлату мақсатында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне бақылау жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар және оған қатысы бар мемлекеттік органдар ҚР «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, өзара әрекеттестік тәртібін әзірледі.

Аталған Тәртіп биылғы жылдың 6 ақпанында ҚР ҚМ, ҚР АШМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ және ҚР ҰҚК бірлескен бұйрығымен бекітілді және қадағалаушы мемлекеттік органдардың  «бір терезе» қағидатымен бақылау жүргізуіне байланысты талаптарды белгілеп берді. Оған қоса, Тәртіп құжаттардың құжаттық тексеруден өту уақытын да реттейді, ол бір транспорт құралына 2 минуттан аспауы тиіс.

Ақтау теңіз портында бақылаудан өтудің оңайлатылған ресімдері транспорт құралдарына ғана таралатынын атап айту қажет, оларға қатысты тауарлар туралы ақпарат портта орналасқан кедендік өткізу пунктіне алдын ала ұсынылатын болады.

Осы тұрғыда тауарлар туралы мәліметтерді алдын ала ұсыну автокөлік транспортын туралы алдын ала ақпараттандыру шеңберінде берілетін мәліметтер көлеміне сәйкес келуі тиіс.

Алайда, қазіргі уақытта ҚР аумағына теңіз көлігімен енгізілетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттандырудың заңмен бекітілген нормалары жоқ.

Бірақ, бұл мән-жайға қарамастан, порттағы қажетті ресімдерден жедел өту мақсатымен, ҚР «Атамекен» ҰКП барлық кәсіпкерлерді алдын ала ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарына міндетті тәртіппен жіберуді өтінеді және қадала сұрайды, бұл Ақтау портына келген кезде жүктерді ресімдеу кедергілерін болдырмауға көмектеседі.

Мәліметтерді беру үшін www.pi.customs.kz ұлттық порталында тіркеуден өту қажет, бұл кез келген уақытта қажетті мәліметтерді беруді іске асыруға мүмкіндік береді.

Ақтау портында кедендік транзит ресімінде орналастыруға жататын тауарлар бойынша мынадай алдын ала ақпарат беріледі:

а)  транспорттық (тасымал) құжаттарға сәйкес тауарды жіберуші, алушы туралы мәліметтер;

ә) тауарларды жөнелтуші ел, алушы ел туралы мәліметтер;

б) декларант туралы мәліметтер;

в) тасымалдаушы  туралы мәліметтер;

г) халықаралық тасымалдың тауарларды тасымалдайтын транспорттық құралы туралы мәліметтер;

ғ) коммерциялық, транспорттық (тасымал) құжаттарға сәйкес, тауарлардың атауы, саны;

д) коммерциялық, транспорттық (тасымал) құжаттарға сәйкес тауарлардың құны;

е) Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлесімді жүйесіне немесе Кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауарлық номенклатурасына сәйкес кем дегенде 6 таңбалы деңгейдегі тауарлардың коды; 

ж) тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ, Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлесімді жүйесінің әрбір коды немесе Кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауарлық номенклатурасы бойынша қосымша өлшем бірліктеріндегі (мәліметтер болған жағдайда) тауарлардың саны;

з) жүк орындарының саны;

и) транспорт (тасымал) құжаттарына сәйкес тауарларды жеткізу пункті;

к) Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды алып өтуге байланысты, егер де мұндай алып өтуге рұқсат етілетін болса (құжаттар болған жағдайда) арнайы шектеулерді сақтауды дәлелдейтін құжаттар туралы мәліметтер;

л) жолдағы тауарларды немесе контейнерлерді қайта жүктеу және (немесе) жүк операцияларын жоспарлау мәліметтері (мәліметтер бар болса);

н) жоспарланған келу уақыты;

о) келу орны.

Осыған байланысты ҚР «Атамекен» ҰКП Түркиядан Қазақстанға тауарлар жеткізетін бүкіл тасымалдаушылар мен импорттаушыларды автокөлік транспортында алдын ала ақпараттандыру кезінде берілетін мәліметтер көлемінде Қазақстан Республикасының кедендік органдарына мәліметтер беру қажеттігі жайында хабарлайды.

Сонымен бірге, Ақтау портында барлық рәсімдерден өту кезінде проблемалық мәселелер туындаған жағдайда, ҚР «Атамекен» ҰКП-ның жауапты құрылымдық бөлімшелеріне мына нөмірлер бойынша хабарласуды өтінеміз:

Кедендік әкімшілік департаменті  – 91 93 41

Логистика және тасымал комитетінің хатшылығы – 91 93 00 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер