astana-view

«Теңге-рубль» жұбы экспортшыларды үрейлендіре алмады

2016 жылғы 09 Ақпан
9631 просмотров

Старатегияны дұрыс таңдау павлодарлық өндірушілерге теңге бағамын шетелдік валютаға қарай түзетілуіне төтеп беруге мүмкіндік берді

Мұндай мысалдарды бүгін ОКҚ бирфингінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты.

Ол валюталық құбылу пен ұлттық валютаның ресей рубль бағамына қатысты түзетілулері Ресей облыстарымен шектесетін өңір үшін елеулі әсер еткенін атап өтті.

«Бастапқыда ара қатынас (теңгенің рубльге) 1:5 болған кезде «KSP Steel» болат өндіру өндірісінің ай сайынғы деңгейі 23 000 тонна болды. Сосын, теңге мейлінше күшейіп, бір рубль 2,4 теңге болған кезде кәсіпорын ай сайын 2,5 мың тонна өнім шығаратын болып қалды. Егер тағы осылай екі ай жалғасқанда, мүмкін, біз өнім шығаруды тоқтатар ма едік», - деді Қанат Бозымбаев.

Жапсарсыз құбырлар шығаратын осындай алғашқы отандық кәсіпорынның әлеуетін бағалай отырып, әкім «арматура мен болат құбырлардың Қазақстанда да, Ресейде де өте жоғары бәсекелі нарық екенін, олар ЕАЭС бәсекелесетінін» айтып өтті.    

Девальвацияның салдарын сараптай келе, әкім «бір жарым жыл бұрын девальвацияға алдын ала дайындалмаған жұрт үшін, расында да, әлдебірі құнсызданды» деді. Дегенмен, KSP Steel сияқты кәсіпорындар үшін курстық айырмашылық «құтқарылудың жолы» болған. 

«Сондықтан, теңгенің бір рубльге шаққандағы бағамы 4,5 теңгені құрағанда KSP Steel 28 мың тонна өнім өндіре бастаған», - деді әкім.

Қанат Бозымбаевтың мәліметі бойынша, «осы кәсіпорындағы артта қалып қойған өнімдер, іс-жүзінде, өте жоғары қарқынға ие болып, жылдық жоспарды 100% орындаған».

«Қазір таңда теңге мен рубльдің арақатынасы тек Павлодар облысында ғана емес, басқа да кәсіпорын иелері үшін өте қолайлы болып тұр» - деді әкім.

Шағын және орта бизнестің қаржылық көңіл күйін сараптай келе, ол: айналым қаражатын толтыру үшін қаржаттың жоқ табылмау жағдайлары бар екенін айтты.

«Өткен аптада өтемпаздық бойынша проблемалар болған, бірақ Ұлттық банк қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін көтерді, енді біздің естуімізше, банктер барынша өтемпаздық алатын болады. Біз шағын және орта бизнес үшін қаржы айналымын толықтыруға осы қаржаттар қолжетімді болады деп сенеміз», - деді әкім.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер