astana-view

Тимур Құлыбаев: ҰКП теңге өтімділігінің қолжетімді механизмдерін әзірлеуде

2016 жылғы 09 Ақпан
8550 просмотров

Банк саласына айналым қаражатын қаржыландыруды және ШОБ-тің валюталық қарыздарын қайта қаржыландыруды ұсыну қажет 

Жаһандық қаржылық дағдарыс, энергоресурстар бағасының құлауы Қазақстан экономикасына да әсер етті. Бұл, өз кезегінде, бірнеше проблемаларға, оның ішінде нақты секторда теңге өтімділігінің тапшылығына ұрындырды. Тимур Құлыбаевтың айтуынша, екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің басым көпшілігі АҚШ долларында сақталған, шағын және орта бизнесті несиелендіру іс жүзінде тоқтап қалған. 

Кәсіпкерлер палатасы Ұлттық банкке ШОБ валюталық қарыздарын бірыңғай мөлшерлемеде (қазіргі уақытта екі мөлшерлеме бар: базалық мөлшерлеме және қайта қаржыландыру мөлшерлемесі) қайта қаржыландыруды және айналым қаражатын қаржыландыру жолымен банк саласына қолдау көрсетуді, сондай-ақ, пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру үшін, оның ішінде айналым қаражатын толықтыру мақсатында «БЖК – 2020» бірыңғай бағдарламасына бөлінетін бюджеттік қаржы көлемін арттыруды ұсынды.        

«Қазіргі таңда ұлттық валюта бағамы мұнай бағасының негізінде белгіленеді, біздің төлем теңгеріміміз осыған негізделді. Үкімет пен Ұлттық банк қосымша теңге өтімділігін қамтамасыз ету мен нақты секторға, атап айтқанда, АӨК, жеңіл, тамақ  өнеркәсібіне ықпал етудің мүмкіндіктерін қарастыруда. ҰКП осы проблеманы талқылау және механизмдерін атқару жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр», – деді Тимур Құлыбаев.

Қазақстандағы бизнесті дамытудың басты мәселелері «Атамекен» ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен Алматыдағы кәсіпкерлердің жыл сайынғы ІІ конференциясында талқыланған болатын.

Іс-шараға сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, «Қазақстан даму банкі» АҚ басшылары, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов және «Бәйтерек» ұлттық холдингінің, қаржы институттарының, даму институттарының өкілдері, Алматы қаласының бизнесмендері қатысты. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер