astana-view

3 айда 200 түрлі киім шығарды

2016 жылғы 15 Ақпан
- Павлодар облысы
11601 просмотров

Павлодарлық кәсіпкер Людмила Чистова өз ауылы Успенкада балалар киімін шығару бойынша жобаны сәтті жүзеге асырды

Жоба аталған өңір үшін инновациялы болып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Бұл жұмыстың сәтті басталуына болашақ кәсіпкердің Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының ауылдық филиалында білім алуы түрткі болған. Онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өзінің жобасын жүзеге асырудың ерекшеліктерін үйреніп, бизнесвуменге қажетті біліктілік пен білім алды.

«Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қысқа уақыт ішінде маған «ViLuR-Tex» ЖК ашуға мүмкіндік туды. Біздің өнімнің басты мақсаты – аудан халқын сапалы балалар киімімен қамтамасыз ету. Бағасы мен сапасы көңілден шығатын балалар киімін таңдау өте қиын дегенді бұрын еститінмін. Қазір тапсырыстың астында қалдық», – дейді Л.Чистова.

Фабриканың ашылғанына 3 ай болды, бірақ балалар киімінің 200 түрін шығарып үлгерді. Кәсіпкер киім тігуге қажетті мата мен ұсақ-түйек заттарды интернет арқылы сенімді жеткізушіге тапсырыс беріп алдыртады. Балалар киімін шығаруда оған біліктілігі жоғары тігіншілер көмектеседі. Сонымен қатар, Л.Чистова ауданда «тігін ісінің шебері» мамандығын дайындатын лицейдің бар екенін пайдаланып, келешекте өз өндірісін кеңейтуді, көмекшілерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер