astana-view

Украинадан келетін жүк транзиті: проблема болмауы тиіс

2016 жылғы 19 Ақпан
9613 просмотров

Ресей Федерациясы мен Украина территориясы арқылы транзиттік тасымалдау мәселелері – "Атамекен" ҰКП-ның бақылауында

БАҚ хабарлары бойынша, Украинадан Қазақстанға жүк жеткізумен айналысатын импорттаушылар мен тасымалдаушылар Ресей  Федерациясы мен Украина аумағынан транзиттік тасымалдау кезінде қиындықтарға тап болыпты.

Осыған орай, «Атамекен» ҚР ҰКП, Украинадан Қазақстанға РФ территориясы арқылы транзитпен жүк жеткізуге қатысты РФ Президентінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы №1 Жарлығында бекітілген  тасымал тәртібі  күшінде екенін хабарлайды. Осы жарлыққа сәйкес, Украинадан Қазақстанға әкелінетін автокөлік және темір жол тасымалдары тек қана БР территориясымен жасалуы тиіс, және де  көлік құралдарында бітеме болуы, Жаһандық навигациялық спутник жүйесіне (ГЛОНАСС)  қосылуы, және де автокөлік құралдарының  жүргізушілерінде есеп талондары болуы міндетті. Сонымен қатар, Кедендік қызмет тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде, барлық көлік құралдарын РФ территориясымен кедендік конвой алып жүреді.  

Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың айтуынша, «Атамекен» ҚР ҰКП қазақстандық кәсіпкерлердің украиндық контрагенттермен келісімшарт тізімдері тұрақты түрде жасалып отырады, олар ҚР ҚМ МКД-не беріледі және содан кейін Ресейдің ФКҚ-на жолданады.

2016 жылдың 17 ақпанындағы жағдайға қарай, «Атамекен» ҚР ҰКП МКД-не 212 отандық компанияның 565 келісімшарты туралы ақпаратты жіберді.

Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы көлемді екенін атап айтқан жөн, және оның құрылымы да сан алуан. Мұнда технологиялық процеске негізделген тауарлық позициялар да бар, сол себепті оларды басқа елдің өндірісімен ауыстыру мүмкін емес.

 «Атамекен» ҚР ҰКП-нің Экономикалық интеграциялар департаменті Украинадан Қазақстанға ЕАЭО-ның сыртқы шекарасының белорустық учаскесі арқылы тауар әкелуде туындаған проблемалық мәселелерге қатысты жағдаятқа мониторинг жасауда.  Халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағының ақпараты бойынша, 15 ақпаннан бүгінгі күнге дейін отандық тасымалдаушылар аталған бағытта ешқандай шектеусіз тауар тасып жатыр.

Сонымен бірге, Украинадан Қазақстанға жүк жеткізуді бұрыннан украиндық және қазақстандық тасымалдаушылар  іске  асырып келеді. Соған қарамастан, украиндық тасымалдаушыларда РФ территориясымен жүк тасымалдау кезінде бірқатар қиындықтар туындағаны және қазіргі уақытта РФ мен Украинаның уәкілетті органдарының осы мәселе бойынша консультациялар жүргізіп жатқанын назарға ала отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП жүк тасымалдау қызметі үшін қазақстандық тасымалдаушыларға жүгінуді ұсынады.

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның пікірінше, осы мәселені реттегенге дейін, және де Украинадан қазақстандық алушылардың жүктерін дер кезінде әрі үздіксіз жеткізу мақсатымен, жүк тасымалдауда қазақстандық тасымалдаушылардың қызметін пайдалану тауарларды жеткізу мерзімдерін бұзбауға көмектеседі.

Украина территориясынан ұзақ мерзім бойы тасымалдаумен айналысатын қазақстандық тасымалдаушылардың тізімімен мына жерде танысуға болады (61 тасымалдаушы - 2562 АТС).

Тасымалдаушылар туралы барынша толық ақпаратты ҚР Халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағынан алуға болады, телефондары (727) 2509294, 2509295, сондай-ақ, төмендегі сілтеме бойынша өтіп, тасымалдаушылардың толық тізімімен танысуға болады: http://www.kazato.kz/ru/list-of-carriers.

Украинадан Қазақстанға РФ территориясы арқылы тауар әкелуге арналған РФ Үкіметінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы №1 қаулысында анықталған темір жол және автокөлік өткізу пункттері туралы тағы да еске саламыз:

Ресей-Белорус  учаскесі: Смоленск қ. авто және т.ж. пункттері.

Ресей-Қазақстан учаскесі:

Авто пункттер: Челябинск  кеденінің «Бугристое»  пункті (Қостанай  обл. «Қайрақ» пункті)  және  Самара кеденінің  «Маштаково» пункті (БҚО «Сырым» пункті).

Т/Ж.: «Озинки» (БҚО «Жайық»).

Оған қоса, БР, ҚР және  РФ кедендік қызметтері ЕАЭО кедендік шекарасының белорустық учаскесіндегі өткізу пункттерін  белгілеген, олар арқылы Украина территориясынан тауарлар тасуға рұқсат етіледі:

Авто: «Новая Гута», «Новая Рудня», «Мокраны», «Верхний Теребежов», «Александровка», «Мохро».

Т/ж: «Тереховка», «Словечно», «Горынь».

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҰКП-ның Экономикалық интеграциялар департаментіне мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз:  +7(7172) 91-93-73.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер