astana-view

Шетелдік елшілер Қазақстанның 3 аймағын аралайды

2016 жылғы 26 Ақпан
9237 просмотров

Дипломаттар мен бизнесмендер 2016 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын анықтады

Бүгін Астанада шетелдік мемлекеттердің елшілері мен үздік отандық бизнесмендердің қатысуымен Дипломатиялық бизнес-клубтың Үйлестіру кеңесінің екінші отырысы өтті. Отырыс барысында Клуб туралы ереже қабылданды және кәсіпкерлер мен дипломаттардың бірлесе атқаратын іс-шараларының 2016 жылға арналған жоспары бекітілді.

Клуб жоспарына – үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында дипломатиялық корпусқа Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылуын, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің елшілері мен бизнесмендердің Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бірлескен сапарларын ұйымдастыру қарастырылған. Бұның алдында Дипломатиялық бизнес-клубтың аясында 2016 жылдың 15 ақпан күні Астанада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен алғашқы кездесуі өткен болатын.

Аталған кездесулер мен сапарлардың мақсаты шетелдік дипломаттарға Қазақстан өңірлерінің инвестициялық әлеуеті, сонымен бірге түрлі экономика, өнеркәсіп, әлеуметтік салаларында іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы ақпарат беру, инвесторлардың ҚР нарығына кіруіне ықпал етуді ұйымдастыру, сондай-ақ қазақстандық бизнесмендер үшін шетелдік серіктестер іздестіруде, отандық компаниялардың шетел нарықтарына шығуына көмек көрсету, олардың тауарлары мен қызметтерін дамыту болып табылады. Өңірлерге осындай таныстыру шаралары мен сапарлар ұйымдастыру қажеттілігі елшілердің өзімен бірнеше рет алға тартылып, Дипломатиялық бизнес-клубтың диалогтық алаңының арқасында іске асқан болатын.

Сонымен бірге, күзде Дипломатиялық бизнес-клуб қатысушылары Young Presidents’ Organization (YPO) «К5: Kazakhstan Growth Forum» платформасына белсенді түрде қатысатын болады. Сондай -ақ Клуб гольф бойынша «Ambassador’s Cup» турнирі, конкур және атпен жүру тәрізді бейресми іс-шаралар өткізуді, сонымен қатар жыл сайын өтетін Charity Bazaar» рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыруды қолға алуды көздеп отыр.

Дипломатиялық бизнес-клуб дипломатиятық корпус пен қазақстандық бизнесмендер арасындағы өзара қарым-қатынас пен серіктестікті нығайту үшін, бейресми диалогтық платформа құру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың бастамасымен 2015 жылдың 2 шілдесінде құрылып, ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бастаған бизнес-қауымдастықтар тарапынан қолдау тапқан.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер