astana-view

Ресейлік компания СҚО-дан екінші супермаркетін ашпақ

2016 жылғы 14 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
12667 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының супермаркеттеріне алғаш рет 100 миллион теңгеден астам инвестиция құйылды

Жергілікті азық-түлік өнімдерін өндіруші кәсіпорындар ресейлік «Холлифуд» ритейлерлік компаниясының өкілдерімен кездесу барысында «Низкоцен» супермаркетінің екінші желісін ашу қажеттігі туралы келісімге келді.

Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Омск облысының губернаторы Виктор Назаровтың арасында жасалған келісімнің нәтижесінде 2015 жылдың желтоқсан айында Булаев қаласында алғашқы супермаркет ашылғандығын еске салады.

Нақты іске көшкен бұл жобаға 100 миллионнан астам теңге инвестицияланып, жергілікті 30 тұрғынды еңбекпен қамтып отыр. Ал  Петропавл қаласында ашылғалы отырған «Низкоцен» супермаркетінің үлкен көлемдегі екінші желісі жақын уақытта өз жұмысын бастамақ.

«Бүгінгі кездесу «Низкоцен» ЖШҚ «Холлифуд» сауда желісінің өкілдері мен облыстағы өндірушілердің өзара қарым-қатынасына байланысты сұрақтарды шешуге арналып отыр. Бұл жиыннан қатысушылар бір-бірін әр қырынан танып білуге, екі жақтың жаңа мүмкіндіктерімен танысуға және тиімді ынтымақтастық құруға бағытталған нақты байланыс табуға септігін тигізеді деген үміттеміз», – дейді аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы.

 «Біз, әлбетте, Қазақстан нарығына енген алғашқы ресейлік азық-түлік ритейлерлік компаниясымыз деп ойлаймын. Қазақстанда жергілікті нарыққа енетін инвесторлар мен кәсіпорындарға көрсетілетін көмек пен демеушіліктің бірі де Ресейде жоқтығын ерекше атап өткім келеді. Сондықтан, бізге тек бастама көтеріп немесе кездесу барысында өзге де өзекті ақпараттарды талқыға салып, ол туралы толық байланыс анықтамалықтарын ала аламыз және аталған көмек үшін зор алғысымызды білдіреміз», – деп «Холлифуд» ЖШҚ-ның директоры Ирина Кропотина кездесуді ұйымдастыруға мүмкіндік берген аудандық кәсіпкерлер палатасына алғысын осылайша білдірді.

Аталған дөңгелек үстелге ауданда іс-сапармен жүрген «Атамекен» ҚР ҰКП аудандық дамыту Департаментінің директоры Мәріпбек Шәкербек кездесуге қатысып: «Орталық аппараттың атынан ауданда дәл осындай жұмыстар атқарылып, сіздердің тараптарыңыздан қызығушылықтың бар екендігіне разы екендігімізді білдіргіміз келеді. Менің ойымша, аталған кездесу біздің өндіріс орындарымызға жемісті болатынына және көптеген сұрақтардың оң шешім табатынына сенімім мол», – деді.

 Кездесуге 20-дан астам аудандағы белгілі өндіруші компаниялар қатысқандығын атап өткен жөн. Олардың арасында «Атай СК» ЖШС, «Пасека Кызылжар» ЖШС,  «Петропавловская бройлерная фабрика» ЖШС, «Султан маркетинг» ЖШС, «Молочный союз» ЖШС, «Vizavi company» ЖШС, «Кондитер-Макс» ЖШС, «Петропавловск-Кондитер» ЖШС,  «Радуга» ЖШС ,  «GRITS» ЖШС, «Марика» ЖК, «Попова»  ЖК және т.б. бар.

Сауда желілеріне және олардың өндірушілерге қоятын талаптарының тарихына тоқталған ритейлерлік компаниялардың өкілдері мен жергілікті өндірушілер өзара пікір алмасып, барлық сұрақтарға жауап алды. Кездесуге қатысушы кәсіпкерлерді өзара ынтымақтастықты нығайтуға арналған бастамалар қызықтырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер